Божко жалқауларды мемлекет алдында тізерлеткісі келеді
«Нұр-Отан» партиясының депутаты Владимир БОЖКО не үшін «тізерлептұрып мемлекеттен кешірім сұрау» керек екенін түсіндірді.
Оның айтуынша, қазірқоғамда жәрдемақыны сұраушылар көбейген. Және олар жұмыс жасауға құлықсыз екен.Бұл туралы депутат bestnews.kzсайтының тілшісіне айтқан.
«Мен біздің қоғамдажұмыс істеген адамдардың құрметке ие болу керектігін айттым. Және жұмысжасағысы келмейтін, өзге салық төлеушілердің арқасында күн көргісі келетіндертуралы», — деп жауап берген Божко мырза.
Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир БОЖКОНЫҢ «халық тізерлеп отырып мемлекетке алғыс айтуы керек» деген сөзі Qaznet-теқызу талқыланған еді. Депутат «хит» сөзін кеше Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесініңкеңейтілген отырысынан кейін айтқан.
«СіздергеӘблязов аздық етіп отыр ма?! Жасалып жатқан игі істерге көңілі толмайтынадамдарды аңдып, соларға ықпал еткісі келетін арнайы күштер бар. Бір ғанамәселеге мән беріңіздер… Соңғы 3 жылда халыққа көрсетіліп жатқан әлеуметтікқолдау 17 есеге артып отыр. Сол бір көрсеткіш үшін ғана, кешіріңіздер, мемлекетке (билікке) тізерлеп отырып алғысайту керек», — деп мәлімдеген болатын Мәжіліс депутаты.
Биыл 16 мамыр күні жетпіске толған Владимир КАРПОВИЧ — мәжіліс спикерінің орынбасары. Еңбек жолынсантехник болып бастап Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің генерал-лейтенантыдәрежесіне жеткен. ҰҚК басшысының бірінші орынбасары, ІІМ-нің орынбасары, Төтеншежағдайлар министрі сынды лауазымды қызметтерді атқарған. Заң ғылымдарыныңкандидаты.
Айтпақшы, вице-спикердің ұлы Максим БОЖКО да депутат. 38 жастағыкіші Божко «Нұр Отан» партиясының атынан Ақмола облыстық мәслихатына 2016 жылысайланған.
Фото: kursiv.kz