Божконың Ғабидолладан несі артық?
Мәжіліс спикерінің орынбасары Владимир БОЖКОҒА дегенсенім лимиті неге таусылмайды?
Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ Лондоннан түсірген видеосы үшін бірден қызметтен кетті. Әділдік қайда? Бұл туралы Қазақстан президенті жанындағыұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл ОРЫНБЕК facebook.comәлеуметтік желісінде жазды.
«Ғабидолла Әбдірахымовмотивациялық видео жіберіп халықты жігірлендіргені үшін, биліктің кредиттіксенімі таусылған еді… Ал Божко халықты биліктің алдында тізерлеткісікелгені үшін, биліктің алдында абырой жинаған сияқты. Божкохалықтың ашуына тиіп, халықтың сенімінен шықсада орнынан кетер емес! Өзқазағымызды төмпештеп, құртуға ұстамыз, ал Божкоға келгенде әлсіз, сорлы екеніміздікөрсеттік. Әділдік қайда ал?», — деп жазды А. Орынбек.
2019 жылдың 3 қыркүйек күні Владимир Божко Қазақстанхалқы ассамблеясының отырысынан кейін отандық интернет-басылымдарының бірінесұхбат берген. Сол жерде қоғамның наразылығын тудырған сөзін айтқан.
«Биліктің не істепжатқанын көріп, түсіну керек. Үш жылдың ішінде әлеуметтік көмек 17 есе өскен.Осыдан-ақ түсінуге болады. Осы үшін мемлекетке тізерлеп, алғыс айту керек. Адамжұмыс істемейді, кейін «бұған бәрін бер» деп шыға келеді. Ондайадамды «стойлоға» (мал қорадағы орын — ред.) қоятын қоғам пікірі болукерек»деген-ді.
Коллаж: zhasalash.kz