Live

Британия королі 2007 жылдан бері алғаш рет АҚШ-қа барды

Чарльз III сапар барысында Дональд Трамппен кездеседі. Бұл шара Англия-Америка қарым-қатынасындағы күрделі дағдарыс кезеңінде орын алып отыр.

1

Король Чарльз III мен королева Камилла 27 сәуірде АҚШ-қа келді. BBC хабарлауынша, бұл – Британия монархының 2007 жылдан бергі алғашқы сапары.

Король мен ханшайымды үкімет делегациясы, Ұлыбританияның АҚШ-тағы елшісі Кристиан Тёрнер және Ақ үйдің протокол бөлімінің басшысы Моника Кроули күтіп алды. Кейін оларды Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамп пен бірінші ханым Мелания Трамп қабылдады. Онда жеке шәй ішу рәсімі өтіп, содан соң Британиялық монархтар Вашингтондағы елші резиденциясының бағында көптеген қонақтардың қатысуымен өткен қабылдауға қатысты. Мұндай бақтағы қабылдау Вашингтонда соңғы рет 1939 жылы король Георг VI мен королева Елизаветаның қатысуымен ұйымдастырылған болатын.

Сапарға байланысты қауіпсіздік мәселелері бойынша қосымша келіссөздер жүргізілді. Себебі өткен сенбіде Дональд Трамп пен оның әкімшілігі қатысқан Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асы кезінде атыс болған еді. Дегенмен Бакингем сарайы сапар бағдарламасының өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді. Трамп корольдің «толық қауіпсіздікте» болатынын айтты.

Айта кету керек, бұл мемлекеттік сапар Англия-Америка қарым-қатынасындағы күрделі дағдарыс кезеңіне тұс келіп отыр. Өткен аптада Трамп бұл сапар елдер арасындағы байланысты жақсартуға «сөзсіз» көмектесетінін айтқан еді.

28 сәуірде Чарльз III Конгресс алдында сөз сөйлейді. Бұл тарихтағы осындай екінші баяндама болмақ: алғашқысын 1991 жылы королева Елизавета II жасаған еді. Одан кейін ол Камилламен бірге Нью-Йоркке аттанады, онда 11 қыркүйектегі террорлық акт құрбандарын еске алу шарасы жоспарланған.

Корольдік істер бойынша сарапшы Кэролин Астонның айтуынша, қатерлі ісікке қарсы ем алып жатқан король үшін бұл сапар физикалық және моральдық тұрғыдан үлкен сынақ болмақ. Астон корольдің 77 жаста екенін және Британия тағына отырған ең егде адам болғанын атап өтті.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз