Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:32, 11 Желтоқсан 2023

«Бұл кек алу емес»: ІІМ «Не молчи.kz» қорының басшысы Дина Таңсәрінің ісіне қатысты пікір білдірді

Не молчи
Фото: из открытых источников

ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов «НеМолчи.kz» қорының жетекшісі Дина Таңсәріге (Смаилова) қатысты қозғалған қылмыстық іске қатысты пікірін білдірді. Істі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті екі немесе одан да көп адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша алаяқтық бойынша қозғады, деп жазады Zhasalash.kz.

Заңдылықтың жоқтығы және құқық қорғау органдарының Таңсәріге қарсы кек алуы мүмкін деген сұрақтарға министр бұл іс жәбірленушілердің өтініші бойынша қозғалғанын және тиісті органның бақылауында екенін атап өтті. Тергеу толықтай жүргізіліп, барлық мән-жайға объективті баға берілетініне сенім білдірді.

«Біріншіден, Ішкі істер министрлігі істі өзі қозғаған жоқ, ол арызданушылардың өтініші бойынша. Сондықтан іс қозғау туралы шешім шығарылған кезде заңдылықты қадағалайтын қадағалау органы бар. Іс ашылды, толық тергеу жүргізіп, бағасын береміз деп ойлаймын. Ешқандай кек алу жоқ», - деп жауап берді ІІМ басшысы.

Айта кетейік, Қазақстандағы құқық қорғаушылар Дина Таңсәріні қолдап қол жинауға кірісіп кеткен. Зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін «НеМолчи.kz» қоры банк шоттары бұғатталған соң ел назарында. Қазір Дина Таңсәрі шетелді. Оған қатысты қылмыстық істің егжей-тегжейлері белгісіз.