Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:44, 12 Ақпан 2024

«Бұл ойды қабылдаудың өзі қиын». Бельгиялық Жәнібек үндеу жолдады

Бельгиялық Жәнібек
Фото: из открытых источников

Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы әлеуметтік желідегі парақшасында анасы жайлы  оқырмандарына үндеу жолдады, деп жазды Zhasalash.kz.

Сәлем достар, мен Қазақстанға, туған жерге барғаннан кейін Қазақстандық медиада шетелге бала сату мәселесі жиі талқылана бастады. Маған бұл ойды қабылдау қиын. Өйткені мені емес басқа баланы асырап алу керек еді. Мен жақын арада биологиялық анамды табамын деп үміттенемін, - деді ол.

Сондай-ақ, ол анасының табылатынына сенетінін айтты.

Құрметті әкелер, аналар, ұлдар мен қыздар Анам табылса, өзімнің кім екенімді білсем деген арманымның алдағы уақытта орындалатынын жүрегіммен сезіп жүрмін. Осы сұрақтың жауабын табу жолында үлкен іс атқарып жатқанымыз туралы айтқым келді, - деді ол.