Бұрын Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй IT-хабқа айналады
Алматыдағы Есентай өзенінің жағасында орналасқан бұрынғы қонақүй ғимараты сүрілмейді. Нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, кейін оның орнына қалалық IT-хаб ашу жоспарланып отыр. Нысан бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі болған.
Қазір ғимараттың қасбеті мен терезе ойықтары қалпына келтіріліп, ішкі бөлмелері жөнделіп, аумағы абаттандырылып жатыр.Жобаның инвесторы – LeanQor компаниясы. «СПК Алматы» ғимаратты ұсынса, жөндеу және басқа да қажетті жұмыстарды инвестор өз қаражаты есебінен қаржыландырады.
Жөндеу аяқталғаннан кейін мұнда IT, жасанды интеллект, креативті индустрия және басқа да технологиялық бағытта жұмыс істейтін компанияларға арналған кеңістіктер ашылады.
Кейін ғимарат пен оған тиесілі жер учаскесі қалалық цифрландыру басқармасына беріледі. Нысан Алматыдағы цифрландыру және жасанды интеллект бағытындағы жобаларды дамытуға пайдаланылмақ.