Бұрынғы әйеліне қышқыл шашқан ер адам басқа бап бойынша жазалануы мүмкін
Шымкентте ер адам бұрынғы әйелін кездесуге алдап шақырып, үстіне канистрдегі күкірт қышқылын шашқан.
Әйелдің айтуынша, қышқыл киімін ерітіп, терісін қатты күйдірген. Қышқыл оның бетіне, мойнына, иығына, қолына, кеудесіне және арқасына тиген. Қазір зардап шеккен әйел ауруханада ем алып жатыр. Оған тері алмастыру отасы қажет.
Batyr Jamal мәліметінше, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы – «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлығы зиян келтіру» бойынша қозғалған.
Қазір күдікті қамауға алынып, Алматыдағы тергеу изоляторында отыр.