Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:52, 03 Маусым 2024

Черчесов футболдан ұлттық құраманың бас бапкері болды

ы
Фото: из открытых источников

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалды.

Станислав Черчесовпен келісімге қол қою – қазақ футболындағы жаңа кезең. Біздің футболда қалыптасқан негізгі қағидаларды бүкіл футбол әлеміне танымал осындай беделді, абыройлы маман жалғастырып, нығайта бермек. Станислав Саламович өзінің футбол зертханасымен және идеяларымен, бүкіл футбол индустриясын басқарудың тамаша маманы ретінде қазақ футболының дамуына үлкен үлес қосатынына сенімдіміз, - деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов.

Станислав Черчесов футболшы кезінде «Спартак» (Орджоникидзе), «Спартак» (Мәскеу), «Локомотив» (Мәскеу) және «Динамо» (Дрезден) сияқты клубтарда ойнаған.

Жаттықтырушы ретінде Ресейдің «Спартак» (Мәскеу), «Жемчужина», «Терек», «Амкар», «Динамо» (Мәскеу) сынды командаларда жұмыс істеген. Сондай-ақ Станислав Черчесов Польшаның «Легиясын», Ресей құрамасын және Мажарстанның «Ференцварошын» басқарды.

Бапкерлік мансабындағы жетістіктері:

Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2007)

Польша чемпионы (2015/16)

Польша кубогының жеңімпазы (2015/16)

2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалы (Ресей құрамасымен)

Мажарстан чемпионы (2021/22, 2022/23)

Мажарстан кубогының иегері (2021/22)

Фото: АГН «МОСКВА»