Қоғам

Цой: Еуропа мен Азияның бірқатар елінде коронавирус өршіп кетті

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Еуропа мен Азияның бірқатар елінде коронавирустың тағы өршіп кеткенін мәлім етті.

Цой: Еуропа мен Азияның бірқатар елінде коронавирус өршіп кетті

«Қазақстанда енгізілген қатаң шаралардың арқасында 5 шілдеден бері ауруханаларда төсек орындардың жүктемесі 6 есе, жансақтау бөліміндегі төсек орындардың жүктемесі 6,6 есе азайса, коронавирус инфекциясы бойынша жедел жәрдем шақыру жағдайы 5,5 есе төмендеді. Емханалар үйінде қызмет көрсету тәртібіне көшіп кетті. Мобильді бригадалардың саны 6,7 есе көбейіп, қазіргі таңда олардың елдегі саны 3 640-қа жетті», — деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Министр Қазақстанда эпидемиологиялық аухал тұрақталғанымен Еуропа мен Азияның бірқатар мемлекетінде тамыз айынан бастап коронавирус инфекциясының өршуі байқалғанын жеткізді.

«Мәселен ауру Италия, Австрия, Испания, Германия, Оңтүстік Корея, Түркия елдерінде өршуде. Ал ТМД елдеріне келер болсақ, ондағы аурудың орташа өсімі 0,5 пайызды құрады. Бұл – Қазақстандағы жағдайдан бес есе көп», — деді ол.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз