Қоғам

Данияр Елеусіновтің әйелі сот үкіміне қатысты апелляциядан жеңілді

Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусіновтің әйелі Саида Елеусіноваға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Данияр Елеусінов

Сот материалдарына сәйкес, әйел екі жәбірленушіге дене жарақатын келтіргені үшін кінәлі деп танылған. Елеусінова бірінші сатыдағы сот шешіміне апелляциялық шағым түсіргенімен, сот алқасы оны қанағаттандырмады.

Оқиға 2026 жылғы 27 қаңтар күні кешке болған. Іс материалдарында көрсетілгендей, Елеусінова атасының қорланғанына қатысты жағдайды анықтау үшін екі әйелдің пәтеріне барған.

Одан кейін тараптар арасында жанжал туындаған. Сот осы оқиғаға байланысты Елеусінованы екі адамды ұрып-соққаны үшін кінәлі деп таныған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз