Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:54, 30 Қаңтар 2024

Дәрігер танертең жаңғақ жеудің қандай пайдасы бар екенін айтты

жаңғақ
Фото: из открытых источников

Үнді докторы Дж.Сушма танертең жаңғақ жеудің пайдасын айтты. Оның айтуынша, грек жаңғағы дәрумендер мен минералдарға қоректік заттарға бай тағам, деп жазды Zhasalash.kz.

Таңертең жаңғақ жеудің қандай пайдасы бар?

Жүрек-қан тамырлары ауруларынан қауіп азаяды.
Жүрек ауруына шалдығуды азайтып, зиянды холестеринді төмендетуге оң әсер етеді.

Мидың жұмыс жасауына көмектеседі.
Омега- 3 май қышқылдары когнитивтік функциямен байланысты, мидың жақсы жұмыс істеуіне оң әсер етеді.

Грек жаңғағының құрамында полифенолдар, антиоксиданттар бар. Олар жасушаларды бос радикалдардың әсерінен зақымдануынан сақтайды.

Доктор Сушманың айтуынша, грек жаңғағын кез-келген өзге тағамдар сияқты қалыпты түрде тұтыну денсаулыққа пайдалы болады.

Диетологтар да жаңғақтың денсаулыққа өте пайдалы екендігін айтты.

“Жаңғақ ағзадағы басқа мүшелерге де, жалпы денсаулыққа да пайдалы әсер етеді. Сонымен қоса, бадам,пісте,кешью және пекан қолдануға тұрарлық. Олардың әрқайсысы микроэлементтер мен минералдарға бай”,- деді диетолог.