Әлеумет

Дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға көбейеді

2020жылы 1 қаңтардан бастап елімізде міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС)іске қосылмақ.

Дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға көбейеді

Әрине, МӘМС-тің осыған дейінгі әлегі аз болмады. Кезіндееңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған Тамара Дүйсенова:«Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспенқамтитындар зейнетақы жарнасын төлемейді. Бұлар 2018 жылдан бастап МӘМС жүйесіменмедициналық көмек ала алмайды», – деген болатын. Яғни бұл бастама бойынша жұмысберушілер, кәсіпкерлер,  өзін-өзі жұмыспенқамтыған азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жеткіліксіз болды. Сондықтан үкімет МӘМС  беделіне тағы да нұқсан келтірмеу үшін оны жүзегеасыру мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарауда. Сөйтіп, жүйенің дайындық деңгейінтексеру мақсатында 1 қыркүйектен бастап Қарағанды облысында медициналық сақтандырупилоттық түрде іске қосылды.

«Пилотты іске асыру үшін бюджеттен қосымша 2,3млрдтеңге бөлінді, соның ішінде профилактикалық қарап-тексеруменконсультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімділігін жоғарылатуға 1,7млрд теңгежәне медициналық оңалтуды кеңейтуге 600 млн теңгеге жуық қаражатбөлінді», – дейді бұл жөнінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Медициналық сақтандыру жүйесін тиімді енгізудіңнегізгі мәселесінің бірі – еліміздің әр азаматын және біріншікезекте бейресми жұмыспен қамтылғандарды сақтандыру жүйесінетарту. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2 миллионнанастамадамның мәртебесі белгіленді. Қазіргі таңда басқа мемлекеттерге көшіп кеткеннемесе өлі ретінде саналатын 600 мыңға жуықадамның мәртебесінсәйкес келтіру қажет. Әділет, ішкі істер министрлігі және жергілікті атқарушыоргандар аталған жұмыстарды жылдың соңына дейін аяқтайды. Қазіргі уақыттареспублика бойынша болжамды халықтың 88,1 пайызысақтандырылған,оның ішінде 10 млнадам жеңілдікті санатқа жатады, 5,4млн-ы жалдамалы қызметкер, 700 мыңжеке кәсіпкер, 200мыңбірыңғай жиынтық төлем төлеуші, қалған азаматтар дербес төлеушіретінде жүйеге қатыса алады.

Әрине, мемлекет бұрынғыша халықты негізгімедициналық қызметтермен және шұғыл медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Алсақтандырылған халықтың тегін медициналық көмектен тыс, медициналық көмекті алуғамүмкіндігі бар. Медициналық сақтандыру енгізілген уақыттан бастап әр сақтандырылғантұрғынға жұмсалатын шығындардың көлемі 57,5 пайызғаұлғайып, 87,3мың теңгеніқұрайды.

Жалпы алғанда, 2020 жылы денсаулық сақтау саласыныңбюджеті мемлекет бойынша шамамен 1,5 трлн теңгеге шығады, оныңішінде 500 млрд теңгеден астамымедициналық сақтандыру жүйесіесебінен болады. Яғни қаржыландырудың жалпы көлемі 2019 жылғы деңгейден 1,5есегеұлғаймақ. Нақтырақ айтсақ, медициналық көмектің басым түрлерін қаржыландырукелесі жылы 7 есеге, дәрігерлердің еңбекақысы 30 пайызғажәне орта медицина персоналының еңбекақысы 20пайызға көбеймек.

Фото: 2018.strategy2050.kz

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз