Дәулет Мұқаев, экс-депутат: Кейде орынсыз «хейттің» астында қаламын
25 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путиннің шақыруымен Омбы қаласында өткен Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып қайтты.
Бұл 2003 жылдан бері өтіп келе жатқан дәстүрлі форум болғандықтан көпшілік одан тосын жаңалық күтпеген. Бірақ Қазақстан президентінің бір ұсынысы қарапайым жиналыстың маңызын арттырып жіберді.
Тоқаев Путинмен кездесуде Украинадағы соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Қазақстан президенті қақтығыстан өрімдей жастар құрбан болып жатқанын айтып, қазіргі жағдай Ресей және Украинаның дұшпандарына ғана тиімді екенін алға тартты.
«Өзіңізге мәлім, мен әуел бастан мұның мемлекетаралық қақтығыс екенін айтқанмын. Бұл қандай да бір азаматтық соғыс емес. Біз украин халқына, оның мәдениеті мен тіліне әрдайым құрметпен қараймыз. Аталған қақтығыстың көпшілік үшін, соның ішінде біз үшін түсініксіз тұстары көп.
Осы орайда өз пікірімді білдіргім келеді. Өйткені маған да өтініштер айтылады. Меніңше, қақтығысты уақытша тоқтатып, 2.0. Ыстанбұл формуласына оралған дұрыс. Себебі аталған келіссөз барысында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілген еді. Содан кейін алпауыт елдердің, соның ішінде Ресейдің кепілдігі арқылы көптен күткен бейбітшілікке қадам басуға болады.
Қазақстан – бұл мәселеде сырт қалатын ел емес. Алайда қаншама мәрте ұсыныстар мен үндеулер айтылғанына қарамастан, мен бұл қақтығыста араағайын болудан үзілді-кесілді бас тартамын. Өйткені Ресей – ұлы ел, ал орыс халқы – ұлы халық. Күн тәртібіндегі барлық мәселені делдалсыз-ақ шеше алады», – деді Тоқаев.
Осы ұсыныс ел іші-сыртында қызу талқыға түсіп, біраз жұрттың назарын аударды. Бұған дейін Путинмен бетпе-бет кездесуде ешбір елдің басшысы бұл соғыстың түсініксіз екенін айтып, оны тоқтатуды ұсынбаған. Біз «Тоқаев неге мұндай ұсыныс жасады?», «Соғысты тоқтату туралы неге алпауыт елдердің президенттері емес, Қазақстан басшысы айтты?» деген сұрақтарды саясаттанушыларға қойдық.

– Парламенттегі үш жылдық депутаттық қызметіңіз не берді? Сол кезең несімен есте қалды? Осы уақыт ішінде өзіңіз бастамашы болып, нақты шешілуіне үлес қосқан ең маңызды мәселелер қайсы?
– Әрине, бірінші кезекте – тәжірибе. Екіншіден, қандай да бір мәселені жан-жақты қарау керектігіне басымдық бердім. Яғни оның артында кімдер, қандай күштер болуы мүмкін, бәрін зерттеуге тура келеді. Ең бастысы, Парламент – заң шығарушы орган. Заңның шығу процесіне үлесіңді қосып, салыстырмалы кестеге өз ұсынысыңды білдіріп, оның қабылдауына дейін жеткізіп, тіпті одан кейін Сенатқа жолданып, соңында президент қол қойғаннан кейін заң ретінде қабылданған құжаттың жұмыс істеп жатқанын көру басқаша әсер, басқаша көзқарас сыйлайды. Бұған дейін бұл процесті сезініп, байқай бермейтінмін. Ал осының бәрін ішінен көріп-білген кезде ғана түсінесің. Кейде адамдар «Мынандай заң неге қабылданбайды? Неге мынаны былай жасамайсыңдар? Мұны неге бүйтпейсіңдер?» деген сұрақ қояды. Сөзбен айту бөлек те, оны іске асыру мүлдем басқа. Оны жүзеге асыру барысында да қаншама жұмыс тобы болады. Иә, сен тура сондай заң керектігін біліп тұрасың. Бірақ оны дәлелдеу, шешімді соңына дейін жеткізу – ауқымды жұмыс.
Депутат болған тұста біраз мәселені қамтуға тырыстым. Жеке мандатпен сайланғаннан кейін, Сарыарқа, Көктал аудандары мен Үркер ықшам ауданына қаншама жаңа аялдама ашылуы үшін әкімдікке тұрғындардың ұсынысын жеткізіп, қоғамдық көліктің жүруіне тікелей әрекет етіп, сондай-ақ көшелерге камералардың орнатылуына септігім тиді. Мұнымен қоса көшедегі қаңғыбас иттерге қатысты мәселе көтеріліп, тиісті заң қабылдануына атсалыстық.
Тағы бір мәселе – бұрын онлайн несие беру тек код арқылы расталатын. Осыған орай жұмыс тобында болып, несиені тек Face id-мен алуды енгіздік. Мәселен, бұған дейін жеке адамның ресми табысы 200 мың теңге болса, айына 200, 300 мың теңге төлейтін несие беріле беретін. Енді 200 мың теңге айлықтың 50 пайызын несиеге төлеп, қалғанын күнкөрісіне қалатындай етуді заңмен бекіттік.
Бұдан былай зейнеткерлерге онлайн несие берілмейтін болды. Егер қажет деп тапса, өз аяғымен банкке барып, рәсімдейді. Мұның бәрі интернет алаяқтық әрекеттердің алдын алуға бағытталған. Сол сияқты лудоманияға қатысты бірнеше депутат жұмыс тобында болып, салыстырмалы кестеге ұсыныс енгізіп, көшедегі жарнама, бюджет саласындағы қызметкерлердің құмар ойын ойнауына заңмен тыйым салуды қолға алды. Осы тұрғыда Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекке алғысымды білдіргім келеді. Ол жергілікті аудандағы қандай мәселе болмасын, бірлесіп шешуге атсалысты.
Айталық, үш ауысымды мектептің шешімін табуға, үлескерлердің жанайқайына байланысты әкіммен бірге 6 құрылыс нысанында болып, солардың құжатын алуына және құрылыс жұмыстарының тезірек аяқталуына мұрындық болдық.
«Аманат» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасына бренд-амбассадорлық етіп, халыққа тікелей көмектесуге басшылық еттім. Оның өзінде де қаржылық сауаттылық бойынша миллионға жуық азаматқа онлайн, офлайн түрде тегін білім бердік. Жеке тұлғаның банкроттылығы туралы заңның қабылдауына түрткі болып, есепшоты жабылып қалған азаматтармен жұмыс істедім. Дәл қазір нақты есімде жоқ, шоты бұғатталған шамамен 50 мыңнан астам адамның есепшотын шешуге жәрдем бердім.
Тағы бір жайт – бұрын ескі монша, құлайын деп тұрған ғимараттарда балалардың жаздық лагерін ұйымдастыратындардың да жолы кесілді. Арнайы депутаттық сауал жолдап, оларға заң арқылы талапты күшейттік. Әрине, айтқан түйткілдің бәрі шешімін таба бермейді. Бір әттеген-айы, әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты да бірнеше рет айтып едік, бірақ оны үкімет қолдамады.
Одан кейін түсінбейтін, әлі түсіне алмай жүрген жайт – сағаттың ауысуы. Семей өңірінің тумасы ретінде сол жақтың тұрғындарына өте қиын екенін білемін. Мысалы, жазғы уақытта түнгі 2.30-да таң ата бастайды. Алдағы уақытта бұл мәселе шешімін таба ма, білмеймін. Бірақ біз талай рет көтерсек те, үкімет өз позициясында қалды.

– Сіз депутат болған кезде сын да көп айтылды. «Декретпен миллионға» байланысты алаяқтық әрекет тіркелгенде таяқтың бір ұшы сізге де тиді. Бұл сіздің депутаттық қызметіңізге кері әсер еткен жоқ па?
– «Таяқтың бір ұшы» болғанда, аудиторияң үлкен, оқырманың миллионнан асқан кезде, әрине, елдің елдің аузында мен жүремін. Баспана алу мәселесінде де мені көп тыңдайды. Сондықтан таяқтың бір ұшы әсіресе ақпарат құралдары тарапынан тиді. Десе де, «Декретпен миллионға» курсының сабақтарын көрген адамдар бәрін біледі, түсінеді. Онда «Өтірік ИП ашпаңыздар, жалған есеп өткізбеңіздер. Ертең заң алдында жауап бересіздер» деп бір емес, бірнеше мәрте шегелеп айтқанмын. Ал енді кейбір адамдар «Көп асқанға бір тосқан» деген мәтелдегідей жағдайға тап болған. Керісінше, жұрт пәленбай ИП ашып, заңсыздыққа бой алдырды. Мәселе, сен білім берсең де, бірақ оны кәдеге жаратқысы келгендердің қай мақсатқа пайдаланатынына байланысты ғой. Түптеп келгенде, жауапкершілік әркімнің өзінде. Мұның депутаттық қызметіме ешқандай кері әсері тиген жоқ. Себебі сабақтың бәрі заңды негізде жүргізілді.
– Парламенттің алдыңғы құрамына қатысты қоғамда көңілтолмаушылық байқалды. Кейбіреулер ашық түрде «Парламент – журналистер, блогер, әртістердің орны емес» деді. Блогер-депутат ретінде бұл сөз қитығыңызға тиген жоқ па?
– Байқауымша, бұл жалғыз Қазақстанның тәжірибесіне ғана тән емес, басқа шетел тұрғындарын сөзге тартсаң, олардың да депутаттарына көңілі толмайды. Барлық жерде сондай. Бұл көзқарас бұрын да, алдағы уақытта да бола береді. Себебі бәрінің көңілінен шығу мүмкін емес. Мен туралы талай қаңқу сөз айтылды. Бірақ оның бірі де қитығыма тиген жоқ. Мұны әлемдік тәжірибеде бар дүние деп қабылдаймын. Екіншіден, мына заманда біреудің аузына қақпақ бола алмайсың. Бір-екі айтар, сосын қояр, одан не өзгереді? «Ит үреді, керуен көшеді» деген бар ғой.
– Қазір кандидаттар тізімінде әртүрлі саланың өкілдері бар. Сіздіңше, Құрылтайдың негізгі күші неде болмақ? Қоғамға танымал адамдарда ма, әлде өз саласының кәсіби мамандарында ма?
– VІІІ шақырылымда болған бірқатар экс-әріптес «Республика», «Әділет», «Ауыл», «Ақ жол» партиясының тізімінде жүр. Сондықтан тізімнен бірге жұмыс істеген кезде көңілім толған әріптестер және бұрыннан танитын азаматтардың аты-жөні көзге ұшырасты. Қалай десек те, сайлау – кәдімгі бәйге. Бүгінде партияның барлығы сайлауалды үгіт-насихат жұмысына кірісіп кетті. Енді осы бәйгеде кім озады, кім бірінші, кім екінші келеді? Тура соған орай партиялардың да өз орны анықталып, бөлінеді.
Жалпы, депутаттықтан дәмесі бар кез келген Қазақстан азаматын құрметтеймін. Солардың қатарындағы әншілер Тамара Асар, Аша Матайдың да айтары бар шығар. Аз уақыт ішінде Тамара өзіне көп «хейт» жинап алды. Бірақ мүмкіндігі шектеулі жан ретінде Құрылтайда инклюзивті ортаны қалыптастыру мәселесіне ықпалы болады деп ойлаймын. Бәлкім, қоғамға айтар сөзін сол тұрғыдан жеткізгенде халықтың көзқарасы басқаша болар ма еді. Бірақ қайталап айтамын, сайлау бәйгесінде кімнің бабы мен бағы келіседі, сол бірінші келеді. Десе де, кейбір партия мұндай азаматтарды жарнамалық, яғни пиар мақсатында пайдалануы мүмкін. Егер солар тізімде болмаса, Қазақстан халық партиясы туралы ақпарат жаңалықтар қызметінен де шықпай, аты аталмай қалар ма еді, кім білсін?! Сондықтан пиардың да екі қызметі бар. Қара пиар да – пиар. Дәл саяси науқанда пиардың барлық түрін қолданған дұрыс деп есептеймін.

– Жаңа Конституция негізінде құрылатын Құрылтайдан қоғамның күтері көп. Құрылтайдың бұрынғы Парламенттен басты айырмашылығы неде болуы керек? Оның құрамына кіретін депутаттарға қойылатын ең басты талап не деп ойлайсыз?
– Меніңше, Құрылтайға кез келген саланың маманы келгені дұрыс. Негізі заң шығарушы орган деп шектеп қоймау керек. Мәселен, мәдениетке, спортқа, тіпті ауыл шаруашылығы саласына қатысты заң талқыға түсуі мүмкін. Ал Құрылтайға тек қаланың азаматтары жиналса, ертеңгі күні ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына қатысты заң жайында кім айтады? Мұндайда ауылда туып-өскен, мал шаруашылығымен айналысқан, саланың бүге-шігесін білетін маман пікірін білдіріп, салыстырмалы кестеге ұсынысын енгізсе, құба-құп. Сондықтан әр саланың маманы келгені жөн. Ең бастысы, ел, ұлт жанашыры ретінде қазаққа қызмет ететін азамат болуы керек. Ал мұндай білікті маман үшін тәжірибе, жұмыс процесі еш қиындық тудырмайды.
– Сіз бұған дейін «Декретке миллионмен» курсына қатысты әңгіме өрбісе «Мұнымен мен емес, басқа жігіттер айналысады» дейтін едіңіз. Бұдан былай қайтадан өзіңіз айналысасыз ба, әлде басқа арнаға мойын бұрасыз ба?
– Мен депутат болған кезде сабақтарым, ақылы курстарымның бәрі тоқтады. Бұл жерде «Декретке миллионмен» ғана емес, «Баспанаға бағыт» сабағымды командадағы жігіттер алып жүрді. Енді қазір алдағы жұмысым мемлекеттік қызметпен байланысты болса, бұл жұмысты сол жігіттер жалғастыра береді. Ал егер мемлекеттік қызметке қатысым болмаса, білім беру саласындағы жұмысымды атқара беремін, университеттегі дәріс беру қызметіме қайта кірісемін. «Декретке миллионмен», «Баспанаға бағыттан» бөлек, зейнетақы реформасына енгізілген көптеген өзгеріске байланысты халықты сауаттандыру керек. Сондай-ақ білім бағытында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына дайындайтын орталық ашып жатырмыз. Одан бөлек, Назарбаев зияткерлік мектебі, БИЛ, РФМШ сияқты білім ұяларына балаларды дайындау жұмысы тоқтамайды. Ата-анамен бірге балаларды кітап оқуға ынталандыру мақсатында мобильді қосымша арқылы BARSUM деген ауқымды жобаны қолға алдық. Мұнда баланың кітап оқығанын ЖИ тексеріп, бағалайды.
– «Дәулетті саяхат» жобасын қолға алғаныңызды білеміз. Бұл – табыс табу көзі ме?
– Әзірге «Дәулетті саяхат» жобасында ешқандай коммерция, ақша табу жоқ. Оны да «коммерциялық мақсатта жасайық» деп көп азамат ұсыныс жасап жатыр. Біз 29 адаммен 680 мың теңгеге 2 мемлекеттің бес жұлдызды қонақүйінде гидпен жүріп қайттық. Негізі ешбір адам мұндай бағаға саяхат таппайды. Одан бөлек кейбір танымал азаматтармен мотивациялық әңгіме болды. Атын айтпай-ақ қояйын, сондай әңгімені 1-2 миллионға, бөліп төлеу арқылы сататындар да бар. Бұл жерде «Дәулетті саяхат» жобасының негізгі мақсаты – қазақтар ел мен жер көрсе, көзқарасын өзгертсе деген ой. Сол 29 адамның ішіндегі бес-алты азаматтың ақшасы болса да, бұған дейін ешбір шетелге шықпаған, демалып көрмеген. Тіпті біреуі ұшаққа алғаш мініп, қуанғаннан алғысын білдіріп жатты. Сондықтан өмірлік ұстанымымда әуелі ақшаны емес, бірінші кезекке халықтың алғысы мен батасын қоятын адаммын. Бірақ мұны әркім әрқалай түсінеді. Кейде орынсыз «хейттің» де астында қаламын. Айналып келгенде, таяқтың екі ұшы сияқты, танымалдылықтың да екі ұшы болады екен.
– Сізді кейде «Тазша бала», «Тақиялы депутат» деп атағандар болды. Бұлай атауға не себеп деп ойлайсыз? Тақия – сіздің депутат ретінде жұрттың есінде қалатын образыңыз болды ма, әлде басқа сыры бар ма?
– «Тазша бала» деп Nege.kz сайты жазғанда оқыдым. Басқа біреуден дәл солай айтқанын естіген емеспін. Бірақ көбінесе «Тақиялы депутат», «Дәулетті бала», «Дәулеттен» деп те айтады. Негізі тақия образының сыры – есте қалуда емес. Ең алдымен өзіміздің ұлттық киімімізді, нақышымызды көрсету болды. Осы ұлттық киімді дәріптеуді арнайы депутаттық сауал жолдау арқылы көтердім. Кең көлемде атап өтілетін Ұлыстың ұлы күнінің 18 наурызы арнайы ұлттық киім күні ретінде бекітілді. Осы кезге дейін Парламентте ант қабылдау рәсімінде ұлттық киім – тақиямен ешкім ант қабылдамаған. Мен ең бірінші депутаттың бірімін деп мақтанышпен айтар едім. Одан кейін қоғамда біреу тақия кисе, «мешіттің имамы» деген сияқты түсінік қалыптасқан. Тақия – ұлттық бас киім. Бар болғаны соны көрсетіп, насихаттағым келді. Осы тұрғыда басты миссиямды орындадым деп айта аламын.

– «Әйелімнің «гештальтін» жапқым келді» деп жұбайыңызды құттықтаған сәтіңіз қоғамда қызу талқыланды. Сіз бұл әрекетке Құрылтайға өтпейтініңізді білген соң бардыңыз ба? Оған дейін бір экс-әріптесіңіздің Парламент қабырғасынан анасын құттықтағанынан соң депутаттардың мінберді жеке мәселелер үшін пайдаланбауы туралы бастама көтерілді. Сіздің пікіріңіз қандай?
– Әңгіме хит болған «көк папка» туралы шығар. Жалпы, құттықтау ресми және бейресми болады. Егер Парламент атынан жазылған ресми болса, мекеменің бланкі, мөрі, басшыларының қолы қойылады. Кез келген типографиядан елтаңбамен бе, басқамен бе тапсырыс беріп, сіз де өз жақындарыңызды құттықтай аласыз. Сол жерде ештеңе жасырған жоқпын, ашығын айттым. 5 мың теңгеге көк папканы сатып алып, мәтінін өзім жазып, басып шығардым да, әйелімнің туған күнінде оқып бердім. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Тағы да қайталап айтқым келеді, бұл – ресми құттықтау емес. Оны да біреулер басқаша бұрмалап әкетті.
Сол сияқты Ардақ Назаров та анасын құттықтағысы келді. Ол да Парламенттің регламентіне ешқандай кесірін тигізбеді, қарсылық болмады. Анамның кеше туған күні еді әрі өмірден өткеніне екі жыл толды. Ана – мен үшін бәрінен биік, ең қымбат жан. Сондықтан да Ардақ Назаров та анаға деген құрметін білдіріп, бүкіл қоғамның ананы биік қою керектігін көрсеткісі келді деп түсінемін.
– Сіздің Парламент отырысына маңдайыңызға камерасы бар көзілдірік тағып келгеніңіз бар. Бұл журналистерге деген сенімсіздіктен туған қадам ба, әлде қоғамның назарын аударуды көздедіңіз бе?
– Білесіз ғой, кейбір журналистер өзіне керектісін алып, қиып, монтаждап алады. Өзім де телеарнада жұмыс істедім, қазір де бір жобаға ұсыныс түсіп, шақырып жатыр. Сондықтан осы салада жүрген соң монтаж деген нәрсені өте жақсы білемін. Журналист нені көргісі келсе, соны қиып алады. Көзілдірік кигенім де сол. Шынтуайтына келгенде, көк папка да, көзілдірік те хайп емес әрі Парламенттің регламентіне де қайшы емес. Өйткені Парламент дәлізіне кірген кезден бастап, пленарлық отырысқа дейін бәрі ашық, тікелей эфирде өтеді. Мен де сол ашықтықты көрсеткім келді.
Сұхбаттасқан
Динара Мыңжасарқызы