Дәулетжан МАХМҰТ. Әйнексіз көзілдірік
Ол өзіне-өзі қанжар сұғып жүр. Денесінде сау жеріқалмаған, өткен өмірін көрген түстей елестетіп көрседе тыныштала алмады.
..
Терезелеріне қара перде тартып, тұмшаланып алып, жалғызөзі үш күн бойы үйден шықпағаны. Үшінші күні таң атысымен отырған орнынан тұрдыда, қараңғылық құрсаулаған бөлмелерді кезіп жалғыз өзі сенделіп жүрді. Қолынақара түсті көзілдірік ұстап алған. Басынан аяғына дейін қара түсті киім киінген.Бір кезде телефон шырылдады.
– Алло? Жоқ… кімсің сен?...
Ол телефонды лақтыра салды да есікке беттеді. Құлпылаулытұрған есікті ашып жатып сәл ойланып тұрып қалды. Езіуін тартып жымиыпкүлгендей болды да, есікті ашып сыртқа шықты. Күннің жарқыраған саулесінежасыған көзін жұмып тағы езу тартты, қара көзілдірігін киді де кетіп бара жатты. Қараңғы үйде, еденде құлапжатқан телефон қайта-қайта шырылдаған күйі қала берді...
Көп қабатты үйлердің бірінің жер төлесіне түсіп баражатқан ол көзілдірігін әлі шешкен жоқ. Баспалдақты санап басып баяу астығатүсіп, жабық тұрған темір есікке тірелді. Есік түбінде тұрып тағы езу тартыпкүлгендей боды. Сұқ саусағындағы сары түсті үлкен жүзігімен темір есіктітақылдатып қақты. Іштен сылдырлап кілттің дауысы естілді де, құлпы сыртылдапашыла бастады, есік ашылып, іштен аршын төсті, аққу мойынды, сұңғақ бойлы қыз ылтипаткөрсетіп, суық жымиып қарсы алды.
– Телефон шалған сендер ме?
– Солай болуы мүмкін.
Ол үнсіз тұрып қалды, қыз алақан жайып ұзын дәліздінұсқады. Екеуі дәлізді бойлап кетіп бара жатты, әлсіз жанып тұрған аспа шамдар,дәлізді бұлдыр көлеңкемен бояп тұр. Мүлгіген тыныштықты қыз өкшесінің тықылығана бұзып тұрғандай. Дәліз қабырғаларында түсініксіз суреттер, бір қарағандашимайға ұқсайды. Түрлі түсті бояулармен шимайланған сызықтар арасынанадамдардың сұлбасыда байқалады… Бұл дәлізбен жүргендердің ешбірі осы суреттергетоқталып көз салмаған, қарауға уақыттары болмайтын, олар бұрылыстағы екіншідәлізге жетуге асығатын еді.
Ол қыздыңбастауымен екінші дәлізге бұрылып кетті. Бұл дәлізде аспа шамдардың әлсіз жарығыменбұлдырап боялып тұр. Қабырғалар қоңыр және қара жолақтармен боялған. Еден сарыжәне жасыл жолақтармен боялған. Екеуі ұзын дәлізбен кетіп барады. Олар ұзағансайын бұлдыр көлеңкеге айналып кетті. Бір кезде мылтықтың тарс еткен дыбысыестілді де қыз еденге құлады, қызыл қан еденде баяу ағып жайылып бара жатты.
Ол дәліз үш жаққа тармақталған тұсына жетіп тұрып қалды.Қолындағы сағатына қарап сәл ойланды да, сағат тағынған қолы жақ бағытқабұрылды. Алдында үлкен есік, аспа шамдар жарқырап жарық саулесін шашып тұр,есіктің екі жағында еңгезердей денелі екі қарауыл еркек оны күтіп алып, қолынартына қайырып, желкесінен басып жерге тұқыртты. Ол қолындағы жүзікті көрсетіпеді, екі қарауыл оны босатып, көзіндегі көзілдірігін шешіп алды да әйнектеріналып тастап, әйнексіз көзілдірігін қайта кигізіп, есікті ашып ішке кіргізді.Іште әйнексіз көзілдірік киген арық денелі, елу жастар шамасындағы әйел адамбайқалып қалды, есік жабылды, іште не болып жатқаны, олардың не туралысөйлескенін ешкім білмеді. Екі қарауыл жігіт бірінің құлағына бірі сыбырлапсөйлесіп тұрды, олардыңда не туралы сөйлескенін ешкім білмейді. Есік ашылып олсыртқа шығып, жалғыз өзі дәлізді бойлап келеді. дәліздің аспа шамдарыөшірілген, қап-қараңғы, тек қыздың өкшесінің дыбысы ғана естіледі. Соңғыдәлізді бойлап келеді. аспа шамдар өшірілген, қою қараңғылық, қыздың өкшесініңдыбысы ғана естіледі. Кілттің сылдыры естіліп, сыртылдап құлпы ашылды. Есікашылып, сырттағы жарық қараңғы дәліздің ішіне сығалады. Есікті ашқан қыз оныалғашқы күтіп алған қыз екені анық байқалады...
Ол жертөленің баспалдағынан баяу көтеріліп шығып келеді.Көзіне әйнексіз көзілдірігін киіп алған. Қала көшелерін бойлап жалғыз өзі кележатыр, көшедегі адамдардың барлығы оған қарап бақылап жүрген сияқты, біреу оғанбетпе-бет келіп қөзіне тіке қарады. Ол ешкімге тіке қарай алмады, көзіндеешқандайда сезіну, қобалжу, қайғыру, қуану сияқты құбылыс байқалмайды. Қатты жүгірежөнелді, көзін ашудан қорықты, көзін қатты жұмып алған...
Түннің жарымы, аспанды қара бұлт торлаған, күздің желіазынап соғып тұр, ағаш жапыпақтары көлбеңдеп алыс ұшып, бейберекет шашылыпқұлап жатыр. Ол терезелерге қара перде тартып еденде шалқасынан түсіп жатыр,әйнексіз көзілдірігін шешпеген, саусағындағы сары түсті жүзік көрінбейді. Білегіндегісағаты да жоқ. Орнынан тұрды да пердені сырып, терезені айқара ашып сыртқақарады. Соғып тұрған жел қара пердені көлбеңдете ұшырып үй ішіне ентедеді. Аспанғақарап еді, аспанды қаптаған қара бұлттардың жыртығының арасынан жарты айкөрінді…