Қоғам

ДДСҰ QazVac вакцинасын неге тіркемей отыр

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының неліктен QazVac вакцинасын әлі күнге дейін тіркемей отырғанын түсіндірді,«ДДСҰ QazVac вакцинасын тіркеуі үшін Қазақстан ұлттық реттеушіні үшін­ші деңгейге дейін жеткізуі қажет.

ДДСҰ  QazVac вакцинасын неге тіркемей отыр

Бас­қа­ша айтқанда, республиканың сани­тар­лық-эпидемиологиялық қыз­меті­нің ма­териалдық-техникалық базасы халық­аралық стандарттарға сәйкес бо­луы тиіс», — деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, осының барлығын ретке кел­тіру үшін 3 жылдан 5 жылға дейін уа­қыт кете­ді деген сарапшылар пікіріне қара­мас­тан, былтыр іс жүзінде 7 ай­дың ішін­де Қазақстан ұлттық рет­теушінің екін­ші деңгейіне шықты.

«Бұл фактіні біз­дің еліміздің халықаралық талаптарға сәйкес­тігін тексерген ДДҰ арнайы комиссиясы растады. Биыл жыл соңына қарай үшінші деңгейге шыға аламыз деп ойлаймын», — деді Е. Тоғжанов.

Айта кетсек, отандық мамандар әлемде қолданылатын 14 вакцина­ның бірі ретінде QazVac препаратын шығарды. Қазақстан – өзінің вакцинасын әзір­леген әлемдегі бесінші ел. Б.гінде препараттың айы­на 500 мың дозасы өндіріледі, оның тиімділігі – шамамен 86%, әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз