Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:19, 06 Маусым 2024

Демалыс маусымында курорттық аймақтарға 22 рейс қосылады

Ортком
Фото: Ортком

Туризм және спорт министрлігі Алакөл мен Балқаш бағытындағы маусымдық рейстердің ұлғайтылатынын мәлімдеді.

Министрліктің айтуынша, өткен жылы Алакөлге баратын азаматтар үшін рейстердің саны аз болған.

Жазғы маусым қарсаңында Қазақстанның курорттық аймақтарына апаратын маусымдық рейстердің жиілігі мен санын арттыру мәселесі пысықталып жатыр. Өткен жылдары олардың саны Алакөл көлінде демалғысы келетіндердің ағынын қамтымағаны белгілі. Азаматтық авиация комитетінің ақпараты бойынша, биыл конкурстардың қорытындысы бойынша 22 субсидияланатын авиарейсті жүзеге асыру жоспарланып отыр, оның ішінде Үржар – Алматы – Үржар, Алматы – Үшарал – Алматы бағыттары бойынша. Сонымен қатар, Астана – Үржар – Астана, Алматы – Үржар – Алматы, Алматы – Балқаш - Алматы Астана – Балқаш – Астана бағыттары бойынша коммерциялық авиарейстер жоспарлануда, - деді ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Тегтер: