Саясат

Депутат Ақордадағы кадрлық өзгерісті сынға алды

Еліміздегі соңғы кадрлық өзгерістер қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Бапи, Нәлібаев, Роман

 Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалса, Роман Скляр Президент әкімшілігінің басшысы қызметіне ауысты. Ал Айбек Дәдебай бұл лауазымнан босатылды.

Осыған қатысты мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи пікір білдіріп, мемлекеттік органдарда, әсіресе кадр саясатына байланысты белгілі бір наразылықтар барын айтты.

«Соңғы кезде мемлекеттік органдардың, әсіресе кадр мәселесіндегі жұмысына қатысты наразылық байқалады. Алда мереке келе жатыр. Осындай уақытта Президент әкімшілігі басшысының неге шұғыл ауысқаны түсініксіз. Қандай асығыстық болды? Жау қуып келе жатқан жоқ қой», - деді депутат.

Сондай-ақ Ермұрат Бәпи соңғы уақытта қоғамда «кадрлық бизнес» деген ұғымның пайда болғанын атап өтті.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз