Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:28, 16 Ақпан 2024

Депутат: Қазақстанда TikTok-ты бұғаттау керек

тик ток
Фото: из открытых источников

Сенатор Әлішер Сатыбалды Tiktok желісіне қатысты Батыс пен көрші елдерде шектеу шаралары енгізілгенін, бірақ Қазақстанның бұл мәселеге салғырт қарап отырғанын мәлімдеді.

Күн санап жастардың бұл платформаға деген әуестігі артып келе жатқанын алға тартты. Сенатор желі қолданушылардың 75 пайызы 13-24 жас арасындағы жастар екенін атап өтті.

Депутаттың айтуынша 4-5 жасар балалардың өзі күнделікті 75 минутын осы желіні тамашалаумен өткізеді екен.

Тегтер: