Сараптама

Диқандарға блок бекеттен өтуге еркіндік берілді

Қазақстандық фермерлер енді барлық құжаты болған жағдайда блокбекеттер арқылы еркін өте алады.

Диқандарға блок бекеттен өтуге еркіндік берілді

Тиісті өзгертулер «Карантиндік шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №33-ПГВр қаулысында көрсетілген. 

«Облыстың, қалалардың, аудандардың, ауылдық аймақтардың ішінде көктемгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге, сондай-ақ растайтын мемлекеттік тіркеу куәлігін (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), жеке куәлікті, сондай-ақ жұмыскерлер үшін жұмыс орнына анықтаманы (мөрмен куәландырылған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған кезде ара шаруашылығында тартылған адамдардың көліктерін қоспағанда, жеке көліктің қозғалысын шектеуді», — делінген құжатта.

Осы қаулының орындалуын бақылауды Айжан Есмағамбетова өзіне қалдырды.

«Жалпы, 2020жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 22,5 млн. га құрайды.

Дәнді жәнедәнді-бұршақты дақылдардың алаңы 15,2 млн. га (193 мың. га кем), соның ішіндебидайдың алаңы – 11,4 млн. га (4 мың га).

Мемлекетбасшысының тапсырмаларын орындау мақсатында егіс алқаптарын әртараптандыру және жоғары рентабельді дақылдар өсіругекөшу бойынша жұмыстар жалғасуда. Осылайша, майлы дақылдардың жоспарланған алаңы3 млн. тга құрайды, ол өткен жылмен салыстырғанда 122 мың га көп. Көкөніс-бақшадақылдары мен картоптың алаңы 19 мың тонна, азықтық дақылдарың алаңдары 309 мыңга өсуі қамтамасыз етіледі.

Техникалықдақылдардың (қант қызылшасы, мақта, темекі) алаңы 132 мың. га құрайды (18,6 мыңга кем).

Егісалаңдарының құрылымын, ең алдымен, облыс әкімдіктеріне ішкі нарықтыңқажеттілігіне қарай жеткіземіз. Мысалы, қақақұмықтың алаңының 30 мың га көбеюіжоспарлануда, бұл өзімізді осы дақылға деген қажеттілікке толығымен қамтамасызетуге мүмкіндік береді»,-деп пікір білдірді "Жас Алашқа"  еліміздің Ауылшаруашылығы бірінші вице-министрі  Айдарбек Сапаров

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз