Саясат

Диссидент Арон Атабектің қызын полиция ұстап алып кетті

Бүгін Алматы қаласындадиссидент-ақын Арон АТАБЕКТІҢ қызы Айдана АЙДАРХАНДЫ полиция ұстап алып кетті.

Диссидент Арон Атабектің қызын полиция ұстап алып кетті

Бұл туралы «ЖасАЛАШ»  Oyan Qazaqstan  қозғалысының facebook.comәлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айдана Айдархан Абайескерткішінің жанында жалғыз кісілік поэтикалық қарсылық акциясын өткізген.Әкесінің суреті салынған плакатты алып шыққан Айдана қамаудағы ақынның өлеңіноқыды. 20 минуттан кейін полиция оны ұстап алып кеткен.

«Әкемді көрмегелі 13 жыл болды. Ол отбасынан кетіп қалғанжоқ. Ол – саяси тұтқын. Билік үйлерін сүрмек болған халыққа көмектесті. 2006 жылдың14 шілдесі күні Шаңырақта полиция шоқпар, көзден су ағызат газ пайдаланды. Бірполицей қайтыс болды.Қаншама адамдар азапталып төрт адам сотталды. Қазір Шаңыраққаланың бір бөлігіне айналып, Алатау ауданы құрылды. Халықтың баспаналарзаңдастырылды. Әкем хаттарында сталиндік түрмелердің қазіргі түзетумекемелерінен  жақсы болғанын жазады. Олжалғыз кісілік камерада бетонның үстіне жатуына тура келген. Мен, АйданаАйдархан әкем Арон Атабек пен Құрманғазы ӨТЕГЕНОВТЫ босатуды талап етемін. ЖәнеШаңырақ ісі бойынша сотталғандырдың барлығын ақтауды талап етемін», — депжазған еді instagram.comжелісінде.

Диссидент-ақын, қоғам қайраткері Арон Атабек 2006 жылы болған «Шаңырақоқиғасы» кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, қасақана кісі өлтірді дегенауыр баптармен 18 жылға сотталған еді.

Ақын 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан. Махамбет өлеңдерін орыстіліне аударған. 2010 жылы «Назарбаевщина и революция» мақаласы үшін«Тұтқындағы шығармашылық иесі» номинациясы бойынша Freedom to Createхалықаралық сыйлығына ие болды. Халықаралық ұйымдар Арон Атабекті саяси тұтқын деп есептейді.

Фото: twitter.com

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз