Дизельді отын бағасы өсуі мүмкін
Алдағы уақытта елімізде дизель отынының бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.
Биыл елімізде мұнай экспортының көлемі 60 млн. тоннаны құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға артқан. Ал, мұнай өңдеу көлемі 13,5 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға жоғары.Еліміздің мұнай базаларында ішкі нарыққа қажетті көлемде жанармай қоры бар. АИ-92 бензині бойынша 272 мың тонна, дизель отыны 121 мың тонна. — Енді еліміздің шекаралас аумақтарында жанар-жағармайды транзиттік тасымалдау фактілері орын алуда, — дейді бұл жөнінде энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ. — Бұл көршілес елдердегі мұнай бағаларының айырмашылығына байланысты болып отыр. Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасы – 155,9 теңге, ал, Ресейде – 233 теңге, Өзбекстанда – 265, Қырғызстанда 233,9 теңге. Қазақстанда дизельді отын бағасы орташа есеппен — 192,6 теңге, Ресей мен Қырғызстанда – 250,7 теңге, Өзбекстанда – 209,7 теңгені құрайды. Сондықтан бұл факторлар дизель отыны бағасының қымбаттауына әсер етіп отыр.Фото: kapital.kz