Доллар тағы да 12 теңгеге қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 12,58 теңгеге көтеріліп, 513,00 теңгені құрады.
Ал, Ұлттық банктің 28 қарашадағы ресми бағамы бір долларға 499,51 теңге.
Биржада доллар бағамы 500 теңгеге, ақша айырбастау орындарында 510 теңгеге жетті. kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 516,21 теңгені, сатылымы 523,66 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 512,12 теңгеден сатып алынып, 520,16 теңгеден сатылуда.
Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллардың 500 теңгеден асуы бұл – жай ғана сан деген еді.
«Оған байланып қалудың қажеті жоқ. Доллар бүгін 500 теңге, ертең 600 теңге болуы мүмкін. Ол жай ғана сан», – дейді ол.
Ал сала мамандары Ұлттық банктің мұндай бейқамдығына таңғалып отыр. Олардың ойынша, доллардың бұлайша қымбаттауы экономикамыздың демігіп тұрғанын көрсетеді.