Live

Трамп: Flydubai ұшағын бұрын-соңды ұшақ басқармаған израильдік сантехник апаттан құтқарған

АҚШ президенті Дональд Трамп Flydubai жолаушылар ұшағын апаттан израильдік сантехник құтқарғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы Ақ үйде журналистерге айтты.

Flydubai

Трамптың сөзінше, ұшу кезінде екінші ұшқыш – "мүмкін террорист немесе есінен адасқан адам" – ұшақ командиріне пышақпен шабуыл жасаған. Жараланған капитан кабина есігін ашып, көмек шақырған. Жолаушылар арасында болған сантехник шабуылдаушыны орнынан жұлып алып, әрі қарай ығыстырған. Кейін оны басқа жолаушылар ұстап тұрған.

Осы кезде ұшақ қатты төмендей бастаған. Трамптың айтуынша, сантехник пилот орындығына отырып, штурвалды өзіне қарай тартып, ұшақты көлденең қалыпқа келтірген. Кейін басқаруды борттағы басқа мамандар өз қолына алған.

Трамп сантехник ұшақты басқаруды қалай білгенін сұрағанда, оның үнемі "Ұшақ апаттарын тергеу" бағдарламасын көретінін және сол арқылы ұшақты басқаруды шамамен түсінгенін айтқанын жеткізді.

АҚШ президенті бұл оқиғаны Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен тағы бірнеше адамнан естігенін атап өтті.

Тегтер: Flydubai
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз