Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:27, 22 Мамыр 2024

Думан Мұхаммедкәрімнің жақтастары сот процесінің ашық өтуін сұрайды

а
Фото: из открытых источников

22 мамыр күні Алматы облысы Қонаев қаласында журналист Думан Мұхаммедкәрімнің кезекті сот отырысы өтті.

Азаттық радиосының хабарлауынша, журналистің соты жабық өтіп жатыр. 

Сотқа журналистің жиырмаға жуық жақтасы келді. Олар істі ашық өткізуді, Мұхаммедкәрімді босатуды талап етті. Сот ғимаратының алдында полиция тұрды. Процеске оның адвокаттары мен ата-анасы ғана кірді. Қонаев қаласының ішкі саясат бөлімі мен прокуратура өкілдері сот ғимаратының алдында тұрған журналистің жақтастарын сырттай бақылап тұр, деп жазады басылым.

Айта кетейік, тәуелсіз журналист Думан Мұхаммедкәрімнің үстінен «экстремизмді қаржыландыру» және «тыйым салынған ұйым жұмысына араласу» баптары бойынша айып тағылған. Мұндай айыптың тағылуына оның оппозициялық саясаткер Мұхтар Әбілязовтан сұхбат алуы себеп болған.

Фото: Күлтегін Аспанұлының әлеуметтік желісінен