Қоғам

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстан экономикасына 120 миллион долларға дейін табыс әкеледі

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ел экономикасына 100-120 миллион доллар көлемінде кіріс әкелуі мүмкін. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік туризм агенттігінің директоры Эдуард Кубатов мәлімдеді.

Көшпенділер ойыны

Ведомствоның бағалауынша, жарыстар өтетін кезеңде елге шамамен 200 мың шетелдік қонақ пен турист келеді. Сонымен қатар іс-шараны әлемнің түкпір-түкпірінен мыңға жуық танымал блогер ақпараттандырып жатыр. Әлемге танымал тұлғалардың қатысуы да Қырғызстанның туристік әлеуетін танытуға ықпал етпек. Агенттік басшысы ойындардың медиаға тигізген әсеріне де тоқталды.

Оның айтуынша, «Бішкек Арена» стадионында өткен ашылу салтанатының трансляциясы алғашқы түннің өзінде 200 миллионнан астам қаралым жинаған.

Ведомствоның болжамынша, түрлі цифрлық платформаларда Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы жарияланған материалдардың жалпы қаралымы 1 миллиардтан асуы мүмкін.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз