Live

Екібастұзда ұсталған ер адам полиция бөлімінде қайтыс болды

Екібастұзда 37 жастағы ер адам полиция бөлімінде көз жұмды. Ол ұсталғаннан кейін көп ұзамай ес-түссіз күйде табылған.

Полиция

Оқиға 11 тамызда Солнечный кентінде болған. Полиция қызметкерлері ер адамды үйінің маңынан ұстап, бөлімге жеткізген. Біраз уақыттан кейін ол ес-түссіз күйде анықталған. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, ер адам қайтыс болды.

Полиция мәліметінше, бұған дейін мас күйдегі ер адамның қоғамдық тәртіпті бұзып, әйелге қоқан-лоқы көрсетіп жүргені туралы шақырту түскен.

Алайда марқұмның туыстары ер адамның полиция бөлімінде асылып қалғанын айтып, оқиғаның барлық мән-жайын толық анықтауды талап етуде. Олар оның не себепті ұсталғанына, жеке тінту қалай жүргізілгеніне және полиция бөлімінде болған кезде бақылаудың қалай ұйымдастырылғанына қатысты сұрақтар қойып отыр.

Павлодар облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты бейнежазбалардың тәркіленгенін хабарлады. Қазіргі уақытта ер адамның өліміне қатысты мән-жайлар анықталып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз