Қоғам

Екібастұзда жалған мемлекеттік нөмір пайдаланған жүргізуші жауапқа тартылды

Екібастұзда жалған мемлекеттік нөмір пайдаланған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Екібастұз қаласында полицейлер көлік ағынынан ерекше көзге түскен автокөлікті тоқтатты. Белгілі болғандай, жүргізуші мемлекеттік нөмірдің көшірмесін жасатуға қаражат жұмсамау үшін оны кәдімгі картон мен қара маркердің көмегімен өз бетінше дайындаған.

Алайда мұндай «шығармашылық» заң алдындағы жауапкершіліктен құтқара алмады. Полицейлер қолдан жасалған «дизайнды» бағаламай, құқық бұзушылыққа қатысты тиісті шара қолданды.

«Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Материалдар сотқа жолданды», — дейді полицейлер.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз