Қоғам

Франциядағы наразылықта мыңнан астам адам ұсталды

Францияда сенбі күні өткен жаппай наразылық шараларынан кейін мыңнан астам адам қамауға алынды.

Франция

Полицияның мәліметінше, шеруге шамамен 410 мың адам қатысқан. Ал кәсіподақтар қатысушылар санын 800 мыңға жуық деп бағалады.

BBC хабарлауынша, күндізгі митингілер негізінен бейбіт өткен. Алайда 24 қазанның кешінде наразылық білдірушілер мен полиция арасында қақтығыс болған. Құқық қорғау органдары жиналғандарды тарату үшін қайтадан көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарды қолданған.

Марсель қаласында баррикадалар өртелсе, Бордода бір топ адам дүкендердің әйнек сөрелеріндегі тақтайларды жұлып алған.

Сонымен бірге, хабарламаларда осы демалыс күндері өткен тәртіпсіздіктер кезінде дүкендерді тонау оқиғалары өткен аптамен салыстырғанда аз болғаны атап өтілді.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз