«Екі жыл қоғамдық жұмыстарға араласа алмаймын»
Атыраудағы жер шеруіне қатысқаны үшін сотты болған ТалғатАЯНДЫ бас бостандығын шектеу мерзімі былтыршарттыға ауыстырылып, Ақтөбедегі түзеу колониясынан босап шыққан еді.
Енді Атырау қалалық №2 соты оның мерзіміненбұрын босату туралы өтінішін қарап, қанағаттандыру жөнінде шешім шығарды.
Жазсыншартты түрде өтеп жатқан кезде Талғат «Facebook» парақшасында «Осыдан бір жыл бұрын олар менің басбостандығымды шектеу жазасын шарттыға өзгертіп, оны 2021 жылға дейін созды. Басбостандығыңның шектелуі не екенін түсінсін деген секілді. Былай қарап тұрсаңыз,бостандықтасыз, үйдесіз ғой, бірақ ешқайда бара алмайсыз, рұқсатсыз әрекет қылаалмайсыз, бос уақытыңыз да шектеледі. Әр апта сайын пробация органдарына барып,төбе көрсетіп тұруыңыз керек, кешкі уақытта ешқандай ескертусіз полицияқызметкерлері үйге сау ете түсе алады. Сондықтан қас қарая «Күлшеқыз» құсапүйіңізге тұра жүгіресің. Көңіл көтеретін кештерге бара алмайсыз, мысалы тойғабаруға құқың жоқ. Басқа жерге, мысалы қазаға бару керек болса, онда да рұқсат алуың керек. ЖСН-ніңде бұғатталған, өйткені, аты-жөніңіз лаңкестікті қаржыландырумен айналысатынадамдардың тізімінде тұр, бір сөзбен айтқанда бұл ешбір жұмыс орны жұмысқаалмайтын таңба», – деп жазған болатын.
Прокурор мен пробацияның қарсылығынақарамастан, сот Талғат Аянның өтінішін қанағаттандырды.
-Көңіл күйім жақсы. Қуаныштымын. Біріншіден,бұрынғыдай көп шектеулер алынды, жұріс-тұрысым жеңілдеді. Қазіргі қойылыпотырған талап бойынша, мен тағы екі жыл қоғамдық жұмыстарға араласпауым керек.Алайда, маған одан да гөрі отбасымды, өсіп келе жатқан үш баламды асырап, табыстабу мәселесі маңызды болып отыр. Мен жазамды өтеп отырған кезде үй-ішітарығыңқырап қалды. Өкінішке орай, менің банктің есепшоттарым әлі бұғаттаулытұр. Сол үшін қаржы мониторинг комитетіне өтініш жазсам деп отырмын, өйткені,мен жұмыс істеп, жалақы алуым үшін қандай да бір банк операциялары жасаладығой, — дейді Талғат Аян.
Жер шеруіне қатысқан тағы біразамат Макс БОҚАЕВ әзірге бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеп жатыр.
Фотоны авторұсынды.