Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:34, 29 Мамыр 2024

Экономикалық құқық бұзушылықтар Қылмыстық кодекстен алына ма?

м
Фото: из открытых источников

Қоғамға қауіп төндірмейтін экономикалық құқық бұзушылықтар Қылмыстық кодекстен алынып тасталады, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Мәжіліс экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қабылдады.

Қылмыстық кодекстің 219-бабы (кредиттi заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану) мен 241-бабын (ҚР бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу) қылмыстық сипаттан арылту көзделген. Қылмыстық кодекстің 234-бабы (экономикалық контрабанда) бойынша жауапкершілік 10 мың АЕК-тен 20 мың АЕК-ке ұлғайтылады. 236-бабы (кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару) бойынша 5 мыңнан 10 мың АЕК-ке ұлғайтылады, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тиісті акт не қорытындыларында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін жеткілікті деректері бар қорытынды қоса берілмеген және актілерге қатысты жоғары тұрған органға не сотқа шағым жасалған кезде, сондай-ақ есепке жазылған салық сомалары толық ерікті түрде өтелген кезде салық қылмыстары саласындағы істерді тіркеуге жол берілмейтіні айтылған.

Фото: parlam.kz