Елдана Талипова да қоржынға алтын салды
Қазақстандық спортшы аса ауыр салмақта жеребе бойынша бірден финалға өткен еді.
Елдана Талипованың ақтық сында қарсыласы өзбекстандық боксшы Олтиной Сотимбоева болды. Ел спортшысы 3 раундта да белсенді болып, Қазақстан ұлттық құрамасына 5-ші алтынды сыйлады. Осылайша, боксшы қыздарымыз финалда 100 пайыздық нәтиже көрсетіп отыр.
Еске салайық, Қазақстан құрамасында қазір 5 алтын, 6 қола медаль бар.
Ертең, яғни 11 желтоқсанда Қазақстан ерлер құрамасының 9 спортшысы шаршы алаңға шығады.