Елдос Сметов Азия ойындарының финалында жапон балуанына есе жіберді
Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов 2026 жылғы Азия ойындарында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды.
Финалда қазақстандық дзюдошы жапониялық Хаято Кондомен белдесті. Кондо екі юко әдісін жасап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша жапон спортшысы Азия ойындарының чемпионы атанса, Сметов күміс медаль иеленді.
Елдос Сметов – Олимпиада жүлделерінің толық жиынтығын иеленген спортшы. Ол 2024 жылғы Париж Олимпиадасында алтын, 2016 жылы Риода күміс, 2020 жылғы Токио Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған. Сондай-ақ әлем және Азия чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы.
Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Абиба Әбужақынова да финалда белдесіп, Хаято Кондоның қарындасы Мицуки Кондоға иппонмен есе жіберген.