«Елім дегендер»: Саяси тұтқындарға арналған ән (видео)
Жас айтыскер ақын Нұрқан ҚАЙРАТ абақтыдағыақын Арон АТАБЕК, Қазатомпром Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы МұхтарЖӘКІШЕВ және 2016 жылғы Атыраудағы жер митингісі үшін сотталған Макс БОҚАЕВҚАарнап «Елім дегендер» атты ән жазды.
Әннің сөзі де автордікі.
«Мұхтар Жәкішев, АронАтабек, Макс Боқаев сынды елім деген ерлерге арнап, қолдап шығарған туындымдықабыл алыңыздар!», — деп жазды автор facebook.comпарақшасында.
Диссидент-ақын, қоғам қайраткері Арон Атабек 2006 жылыболған «Шаңырақ оқиғасы» кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, қасақанакісі өлтірді деген ауыр баптармен 18 жылға сотталған еді.
Ақын 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан.Махамбет өлеңдерін орыс тіліне аударған. 2010 жылы «Назарбаевщина и революция»мақаласы үшін «Тұтқындағы шығармашылық иесі» номинациясы бойынша Freedom toCreate халықаралық сыйлығына ие болды. Халықаралық ұйымдар Арон Атабекті саяситұтқын деп есептейді.
Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда «Қазатомпром» ұлттық компаниясы төрағасықызметінен алынып, тұтқынған алынған еді. 2010 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқааудандық № 2 сотының судьясы Нұрлан ЖОЛДАСБЕКОВ Мұхтар Жәкішевті «қаржыныысырап қылды және пара алды» деген айыппен 14 жылға бас бостандығынан айырған.Бір жылдан соң ұлттық қауіпсіздік комитеті тағы да қылмыстық іс қозғап, «ірікөлемдегі алаяқтық» және «өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлкін иемденді» депайыталды.
Қазақстандық құқық қорғаушылар Мұхтар ЕРКІНҰЛЫН саяи тұтқын деп есептейді.Оған халықаралық мемлекеттік ұйымдар да араша сұраған. Польшадағы «Открытыйдиалог» құқық қорғаушылар ұйымы Жәкішевтің үстінен қылмыстық іс саяси мотивпенқозғалғанын және құқық бұзушылық болғанын мәлімдеген.
2015 жылы БҰҰ адам құқығы бойынша комитеті Ақордадан Жәкішевті босатудыталап еткен. Былтыр Хельсинки комитеті мен «Орталық Азиядағы адам құқығы»қауымдастығы солк ездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтан Мұхтар Жәкішевтібосатуын сұраған еді.
Қоғамдық белсенді Макс Боқаев 2016 жылы жер митингісіненкейін «араздық қоздырды», «жалған ақпарат таратты» және «митинг өткізу тәртібінбұзды» деп танылып, судья Гүлнәр ДӘУЛЕШОВА бес жылға соттаған еді. Содан кейінжерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ мораторийжариялады.
Коллаж: zhasalash.kz