Қоғам

Еліміздің бес қаласында атмосфералық ахуал нашарлайды

Қазгидромет» РМК 14 қыркүйекте Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты.

Еліміздің бес қаласында атмосфералық ахуал нашарлайды

 Ақпаратқа сәйкес, дүйсенбі күні Қарағанды, Семей, Өскемен, Шымкент және Павлодар қалаларында атмосфералық ауаның ластануы күтіледі. Еліміздің қалған шаһарларында метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз