Қоғам

Елорда маңында болған отбасы өліміне қатысты істі тергеу аяқталуға жақын

Ішкі істер министрлігі елорда маңында болған отбасы өліміне қатысты істің тергеуі аяқталуға жақын екенін хабарлады.

Қылмыскер

Ведомствоның мәліметінше, күдікті қазіргі уақытта стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан өтіп жатыр. Алдын ала деректер бойынша, ол «реактивті психоз» күйінде болған.

Қылмыстық іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тергелуде. Сараптама аяқталғаннан кейін іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

Еске салайық, наурыз айында Жібек жолы ауылында ер адам өз отбасы мүшелерін өлтіріп, денелерін бөлшектеген болатын.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз