Елордада мас күйде көлік тізгіндеген әйел ұсталды
Астанада көлікті алкогольдік масаң күйде басқару фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар жалғасуда. Өткен демалыс күндері ғана полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған 26 жүргізушіні анықтады.
Осындай фактілердің бірін патрульдік полиция полкінің қызметкерлері таңғы сағат 5:00 шамасында Қорғалжын тасжолында анықтады. Полицейлер Chery автокөлігін тоқтатқан. Оның тізгінінде елорданың 43 жастағы тұрғыны болған.
Тексеру барысында әйел адамның алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды. Ол қонақтан мерекелік отырыстан қайтып келе жатқан. Құқық бұзушыға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сот шешімімен әйел адам 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.