Еңбектің бейнеті мен зейнеті
Еңбек адамдарының қадірі қашанда, қай кезеңде де жоғары. Істегеністері көзге көрінбесе де, атқаратын міндеті жалпы жұмыстың жүйеліжүргізілуіне септігін тигізіп жататындығы өтірік емес.
Мұндай жандарөз ісін адал атқарып, әрқашан өзінің денсаулығынан бұрын елдіңжағдайын ойлап жүреді. Сондықтан да еңбегі адал жандарды дәріптеп,құрметтеу баршамызға аманат деп білеміз.
Елімізде қара жұмыс істеп, елдің дамуы мен өңірдің әлеуетін арттыру үшінкүндіз-түні дамыл таппай, еңбек етіп жататындары рас. Мұндай қарапайымадамдар адал еңбек ете жүріп, халықтың да жағдайын ойлап, қолынан келсеқайырымдылық жасағысы келіп тұрады. Мәселен, Қызылорда облысы Шиеліауданы Ақмая ауылының тұрғыны Дәулет Жұмбеков есімді азаматты нағыз«Еңбек адамы» деп атауға болады. Осы уақытқа дейін ол шаруашылықтыңтізгінін қолына алғанда-ақ «Ақмая» шаруашылығы егіншілік саласыбойынша 800 гектар күріш алқабынан 70 центнерден өнім алуға қолжеткізді. Бұл бұрын-соңды өңірде болмаған еңбектің жемісі еді. Осылайша, ол өңірдегі 100-ге жуық отбасының ауыл шаруашылығымен айналысып, күнкөрісін көрулеріне жағдай жасады.
Одан бөлек, Дәулет Жұмбеков «Ақмая» шаруашылығын басқара жүріп, өзқаржысы есебінен алқапқа су келетін каналдарды тазартуды ерте көктемдебастады. Сонымен қатар қазіргі заманға лайық озық техникаларды да алдыружұмысын да қоса жүргізді. Себебі ескі техникамен жұмыс істеу мардымсызболатынын өз тәжірибесінен білетін. Үлкен шаруашылықты басқарса да, өзқаржысына жаңа техника алу көптеген басшының қолынан келмейтіні айдананық нәрсе. Осылайша, ол егіншіліктің жаңа технологиясын жетілдіріп, жаңаша еңбек өнімділігін ұйымдастыру барысында бұрыннан келе жатқан, ысылған мамандармен қатар жастарға да мән беріп, олардың білікті маманболуларына жағдай жасап келеді.
Дәулет Жұмбеков ауыл тұрғындарының кәсіппен айналысуына жағдайжасап қана қоймай, ауылдастарына 70 миллион теңгеге жаңа типтегі спорткешенін салып, бір қуантты. Спорт кешенінде спорттың оншақты түріменшұғылдануға болатын зал мен қажетті тренажорлық жабдықтар орналасқан.Одан бөлек, спорт кешенінде ауыл жастарын үйрететін білікті мамандардыарнайы ауылға шақырып, жұмыспен қамтамасыз етті. Соның арқасындабүгінде Ақмая ауылынан ел намысын қорғайтын мықты спортшылар көбейді.Әрі ауылда жастардың бос іспен айналысып, көше кезіп, бұзақылықпенайналысуына уақыттары да болмады.
Ал шаруашылық ұжымына келсек, қазіргі кезде егіс көлемі жылдағыданбіршама артқандықтан, жұмыссыздық деңгейі жойылып, жұмысшылардыңәлеуметтік жағдайлары да жақсарған. Айлық табыстары да жоғары әріуақытылы түсіп отырады. Сонымен қатар жыл сайын озат қызметкерлерге жеңіл көлік, ақшалай сыйлықтар беру дәстүрге айналған. Тұрмысы төменотбасыларға да жайлы баспана салып беру де ауыл халқына жасалған үлкенжағдайлардың бірі. Мұндай жақсылық жасау кез келген еңбек адамыныңқолынан келмесі анық.