Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:22, 04 Маусым 2024

Енді дәрігерлерге сыйақыны автоматтандырылған жүйе анықтайды

r
Фото: из открытых источников

Науқастың дертін ерте анықтаған дәрігер қосымша сыйақы алады.

24.kz мәліметінше, сыйақыны автоматтандырылған жүйе анықтайды. Егер дәрігердің алған балы көп болса, табысы да қомақты болмақ.

Мамандардың айтуынша, ерте сатысында өкпе туберкулезін анықтаған жағдайда және де қатерлі ісіктерді ерте 0,1,2,2А сатысында анықтаған аймақтық қызметкерлерге өзі ынталандыру компоненттік үстіне бонустық ретінде 1 АЕК-дан 5 АЕК-ға дейін бір жағдайда есептеліп отырады.

Аймақтық дәрігерлердің науқасты қабылдауы, ем қоюы жүйеге тіркеліп, оған бонустық және баллдық жүйе бойынша ұпай қойылады. Мұнда ең көп ұпай саны 100, ал бір ұпай 4,5 айлық есептік көрсеткіш болып бағаланады.

Фото: pixabay

Тегтер: