Қызылорда облысында лифт ішінде пранк жасаған азамат жауапқа тартылды
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында лифт ішінде болған жанжал бейнеленген видеоны анықтады.
Бейнежазбадан азаматтың танысымен бірге лифт ішінде сөзге келіп, арты төбелеске ұласқанын байқауға болады. Олардың бұл әрекеті лифтте болған басқа адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген. Алайда бейнежазбаның соңында жанжалға қатысушылар бұл әрекеттің пранк екенін айтқан.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері Қызылорда қаласының 20 жастағы тұрғыны Қасымбек Нұрсұлтанды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Сот шешімімен азаматқа айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.