Қоғам

Енді твит емес, икс – Маск Twitter атауын неге өзгерткенін айтты

Ребрендингтен кейін Twitter платформасындағы хабарламалар «твиттердің» орнына «икс» деп аталды.

Енді твит емес, икс – Маск Twitter атауын неге өзгерткенін айтты

Илон Масктың айтуынша, бұдан былай X платформасындағы (бұрынғы Twitter) жазбалар «твит» емес, «икс» деп аталатын болады. Әлеуметтік желінің атауы жаңа концепцияға байланысты өзгертілді: бұрын ол 140 таңбадан тұратын қысқа хабарламалар болса, енді кез келген көлемдегі хабарлама мен бейнені жүктеп салуға болады.

Маск жақын арада әлеуметтік желіге күрделі коммуникациялар мен «барлық қаржылық транзакцияларға қол жеткізуді» енгізуге уәде береді. Ол сондай-ақ болашақта барлығына арналған X деп аталатын қосымшаны енгізуді жоспарлап отыр.

Twitter ребрендингі 24 шілдеде жарияланды. Әлеуметтік желі X деп атала бастады. Платформаның логотипі де өзгерді: көк түсті құстың орнына Х әрпі бейнеленген.

Маск Twitter платформасын 2022 жылдың қазан айында сатып алды. Оның құны 44 миллиард долларды құрады. Көп ұзамай Маск басшылықты ауыстырып, қызметкерлердің жартысына жуығын жұмыстан шығарды. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі контентті монетизациялау басталғанын хабарлады.

Тегтер: Без Тега
Т. Раушанұлы
Т. Раушанұлы Т. Раушанұлы

Оқыңыз