Саясат

Ердоған мен Путин Сочиде кездеседі

Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия лидері Режеп Ердоған қыркүйектің басында Сочиде кездеседі.

Ердоған мен Путин Сочиде кездеседі

Бұл туралы Ердоған жетекшілік ететін Түркияның әділет және даму партиясы мәлімдеді, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты Centralasian.org-ке сілтеме жсап.

Кездесуде Ресейдің Қара теңіздегі астық келісіміне қатысуды қайта жандандыру және оған балама құру мәселесін талқылайды.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жақында Түркия мен Ресей басшылары кездесетінін, Кремль оған дайындалып жатқанын мәлімдеген.

Bloomberg агенттігі дереккөзіне сүйеніп, бұл кездесу 8 қыркүйекте болуы мүмкін екенін жазды.

Мәскеу шілде айының соңында Украинадан Қара теңіз арқылы астық экспорттауға мүмкіндік беретін келісімнен шығып кетті.

Ресей Украинаға соғыс ашқаннан кейін бірнеше ай өткен соң Қара теңіз арқылы астық экспорттау тоқтап қалған. Бұл жағдай азық-түліктің қымбаттауына алып келді.

Киев пен Мәскеу Түркия және БҰҰ-ның араарағайындығымен астық экспорты келісіміне былтыр 22 шілдеде Стамбұлда қол қойған. Осы уақыт аралығында Украинадан 30 миллион тонна бидай және басқа да шаруа өнімдері экспортталған.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз