Өңір

Ермек Қаныкейұлы. Артық адам

Жасы қырық бестер шамасындағы ер адамавтобус күтіп, аялдамада тұр. Қолында ықшам сөмкесі бар.

Ермек Қаныкейұлы. Артық адам

Күн райыныңқолайсыздығына қарамастан, тым тараш киініп алыпты. Басында шляпа,үстінде сыдырмалы қалтадан көз сүрінетін былғары күрте, бұтында джинсы, аяғындатабанының биіктігі бір қарыс қара сапок. Оған жұрттың көбіназар аударып қарайды. Бірақ, адамдар оны ұзақ бақыламады: таңғы қарбалас кезі,әрі мұндайлар Алматыда аз емес қой. Тек бір ғана болжам жасауға болатындай: бұлпақыр еліктеп, солықтауға көп салынған, бәрі болғысы кеп, ақырында өзін-өзіжоғалтып алғандардың қатарынан емес пе екен!

Ол жұртпен бірге терлеп-тепшіп, асығыпкеп тоқтаған 38-ші автобусқа отырды.

Күзгі жаңбыр жақында айығатын түрбілдірмейді және мол жауып тұрғанын автобустың төбесіне сатырлағанынан сезугеболады. Аспанды тұтып алған қорғасын бұлт жердегілерге салмағын салады. Жолжиегіндегі жапырағын жоқтап жылаған ағаштардың көз жасы асфальттың бетіне бекертамады. Оны автомобильдердің ауыр доңғалақтары басып-жаншып, өзіне қайташашады. Автобустың ішіндегі жұмысқа асыққан адамдардың ісіне бозарғанжүздерінде бір көңілсіздік бар. Әсіресе, аналарына сүйеніп отырған бастауышсыныптың оқушылары қалғып-шұлғып сабаққа барғысы келмейтінін білдіре ме, қалай? Ал буланған терезеден сыртқа үңілсең, лай судажүзіп жүргендей сезінесің. Көз алдыңа қаптаған қалың сұлбалар келеді.

– Өй, жоқ дедім ғой, жоқ! – деп қолынжайып манағы сәнқой адам біреуге сөйлеп жатыр. Қасында бала көтерген сығанқатыны тұр. Кетпейді. Безбүйрек бетінде «мүмкін емес» деген сенімсіздік бар.

– Өй, өзі, айтсаң сенбейді, міне қара! –деп қалтасынан «оңай» карточкасын алып шығып, терминалға жапсыра қойып еді,қызыл белгі баж ете қалды. – Әне, көрдің бе, кіре салып басқам, сол кезде жасылжанған, мектепте математикадан бақылау жазғанда мұғалімдердің «дұрыс» депқоятын белгісі бар ғой, сол сияқты. Сен оны білмейтін боларсың! – депұзақ-сонар шұбырта жөнелді. Неге ақталып жатқанын өзі де сезбей, сасқалақтапжатыр. Анау сонда да кетпейді, қанға сіңген ата кәсіп пен тым тәсілқойлықбіздің стилякты босататын емес.

– Өй, мынау қызық екен! – деп жан-жағынажалтақтап, өзінен-өзі қуыстанған ол ақыры бар құпиясын ашып салды. – Сағанберетін ақшам жоқ, себебі, әйелім мына сөмкеметүсте жейтін тамағымды, ал мынаған деп, – қолындағы «Оңайын» төбесінекөтеріп тұрып, – ары-бері жүретін 160 теңгені салып берген!

Автобустағылар қыран-топан күлісіпжатыр. Арасында күлмегендер де кездесіп қалды. Соның көбі еркектер екенінпакеттері мен боқшаларын тыққыштағанынан байқауға болады.

– Өтірік жылтырағанның сазайын тартыңба, бәлем! – деп бір қатын оны қағытып қалды.

– Жігіт-ақ екен, жұмысқа барып қанакелетін, ал автобус сынып қалса, тағы сол сияқты, онда қайтесің? – деп кекетумен «жанашырлығын» қосақтап тұрып, түйреп өткен қатпа қара, мұндай да жағдайболады дегендей, бетінде алақанның суреті бар екі жүздікке әр түрлі мағынаберіп, қайыршы қатынға ұстата салды.

– Қасірет қой мынау, адаммүмкіншілігінің жеткен жері біздің ғасырда осы ма?! – деп бір жас жігіт қайғылысұрақ тастады. Тегі, ақын немесе ақын болғысы кеп жүрген біреу болар.Автобустың ішінде күбір-сыбыр көбейіп кетті. Мына жайтқа кейбіреулер тіпті мәнберіп те жатқан жоқ, құлақтарына құлаққап салып алған, естімейді, өзімен-өзікүліп, сөйлесіп тұр. Алдыңғы жақта бір қатын саясатқа кетті: «қазақ», «тозақ»,«азап» деп тақпақтағанда таңдайы тақ-тақ етеді, нені мегзеп жатқаны белгісіз,өзі бір сөйлеуік екен, ал сөзі жазып болмастай былапыт-боқтау. Опозицияныңкөшедегі нұсқасы. Біздің пақыр жым-жырт.  

Оқырманға бұдан әрі жұмбақтай беру өзтарапымнан көргенсіздік болар және кім көрінгенге жәбірлетіп соншама не жеттідеп сыншылардың сынына ұшырап қалмай тұрғанда, таныстырып өтсем, бұл адамныңесімі – Жақсылық еді. (Өзіме көп жайт кейін мәлім болды.) Өсіп-өнген атаныңбаласы. Өмірде көп қиыншылық көрмеген. Өзіне шақ білімі де бар. Аздапжеңіл-желпі сатиралық кітаптарды оқып жүреді. Бейімбетті пір тұтады. Жаскезінде ақын болғысы келген. Бір танысы ақын болу қазір «невыгодный» деген соң,бастамай жатып, таза тастаған. Қаланың оңашалау ықшам ауданның бірінде қырықшаршы метр жалға алған пәтері бар. Үш баланың әкесі. Әйелі өзінен бір мүшелкіші болған соң, «топырлатып» ол, әлде бұл тудырып тастады. Үй кішкентай болса,бала көп сияқты көрінеді екен. Аты ұзын, айлығы аздау, президент, вице-президентдейтін лауазымды тұлғалар басқаратын бір ЖШС-да жұмыс жасайды. Оларды өмірікөрген емес, Есілдің бе, Елисейдің бе, бір жерінде тұрады-мыс.

Жаңа автобуста бір нәрсені бүгіп қалды.Бүгін жалақы алатын күні. Ана қатын қалмай қойып жүрер деп қорқып айтпаған.Іштей жасап қойған жоспарлары бар: балаларға тосын сый жасамақшы еді.

– Бала деген бар мен жоқты қайданбілсін! – деп марқұм шешесі айтқандай, екі кішкентайы самолет пен машина аламыздеп жүр. Әрине, ойыншығы, бірақ таза темірін көздеп қойған. – Әке, айлығыңыздыалғанда деп… күту мен үмітке толы өтініш айтқанда, Жақсылықтың жүрек тұсы шымете түскен. Бұдан былай «айлық алғанда» дейтін сөзді айтпауымыз керек екен,мынау әкелер мен шешелердің қулығы ғой. Басқа табыс жоқ екенін ел естімесін.Жақсылық жұмысының аты мен айлығын сұрайтындардан қатты жапа шегеді. Бірі тымұзақ та, екіншісі… соны екі есе қосып айтса да ел күңіреніп кетеді.

Жақсылық аман-сау аялдамасына жетіптүсіп қалды. Шіркін, ауаның таза екенін білгің келсе автобусқа отыр: шыққандасезесің. Ол Сайынның ар жағына шығып, Фарабимен жүрмесем болмайды екендеп ойлады. Қалада, бір жақсысы автобуста болған нәрсеонымен бірге кетеді. Шектен шыққан бейғамдық, ұрыс-керіс, шаншу сөз, қорлық пенмазақ, жарқ-жұрқ етпе махаббат та. Әсіресе, соңғысы қиын. Қобалжытады. Бірақ олда ұмытылады.           

Қаланы ерінбей-жалықпай шеңбер жасапайналып шығатын бұл автобус адамдардың неше түрлісін көрсетеді. Жолдың дажаңасын, ескісін, салынғанын, салынбағанын да. Көпірлердің үстімен де, астыменде жүреді. Даңғылдармен жүйткиді, ұзын, қысқа, шолақ көшелерге бұрылады, кейдетіпті тротуарларға да шығып кетеді. Шаһарға шаруа күйттеп келгендерді де,жұмысы бітіп кеткендерді де салып ап, бір күн бойы бір жолмен ғана жүретіноларды ақыл-ойы бар адамдар басқарады.

Үш бағдаршамнан, үш жаяу жүргіншілердіңжолынан, алты ұзын, алты шолақ көшеден өтіп, кеңестік кезеңнің сұп-сұры бетонүйлерінің арасындағы көктен түскен мөлдір мұз сияқты ғимаратта орналасқанжұмысына жеткен Жақсылықты қызметтес күзетші Рысқұлов жағымен және екіаялдамадай жаяу жүріп келгенін айтқызбай білді. Шляпасының ернеуі құлап жатыр,су күртенің жауырынына сіңіп қапты. Ол да дайын отыр екен. Бұның шляпасынілгішке емес, төмен қараған раушан гүлі сияқты лампаға ілді, күртесін аударыпапарып жылу жүйесіне жапты. Амал жоқ күтуге тура келді. Кепкен соң өзініңкиімін Жақсылыққа, оныкін өзі киіп ап шығып кетті. Бұл күндіз, ол түндеістейді. Оның қайда баратынын ешкім де ешқашан білген емес: қатын-бала,арман-мақсат дегеннен жұрдай. Болған екен, қазір жоқ!..

Жұмыс басталды. Шлагбаумдар, жылжымалыесіктер, лифтілер іске қосылды. Кабинеттер, коридорлар, әжетханалар ашылып, адамдар жүре бастады.

– Жақсылық Қабенович сіз директордыңқабылдауына шақырыласыз! – деп хатшы қыз телефон шалған соң, ол қабылдау күтіпотыр. Бұл өзі жаңа келген басшы. Келгеніне ай болса да оны құттықтапкелушілерден алды бір сәт те босаған жоқ. Ал кезек күтіп отырғандар әлі де көп.Кеше кезекке жазылып кеткендердің де бар екенін естігенде Жақсылық түк тетүсінбеді. Тек хатшы қызға қарап қояды, ол жылы жымиып күледі, өзі бір ілтипатымол, көргенді бала.

Түс болды. Түстен ауды. Үш болды.Жақсылықтың қарны ашты. Көзіне кешегі қара көже елестеді. Ойша сөмкесіндегі асқұйған ыдысын алды. Ішінде қойдың төсіне таман орналасқан қысқа бұғана қабырғасыбар екен. Бала кезінен жақсы көретін асы. Әуелі қабырғаны алып шықты. Түбіндегішеміршегінен тістеп тұрып, басына қарай қабыршақ етін сыдырып апарып жеді.Сосын, имек басын тісімен тістеп, қалып қойған еттер жоқ па екен деп тексерді.Тіске ілінбейтін еттерді, тілімен тазалап шықты да, қабырғаның түбіндегі кемікмайын қатты тістеп, «сорып» алды. Сосын, қабырғаны қасық орнына пайдаланып,кеспені имек басына іліп ап, жей бастады. Қалайы қасықтан гөрі қабырғамен кеспежеген ғажап! Байқап көр! Әсіресе, наны қолмен иленген кеспе көжені неменсалыстыруға болады. Тек ет болмаса! Сосын, сорпасын ішіп салды да, қатықболғанда қатып кетер еді деп ойлады. Ал арасына сыр мен шұжық салып, целлофанғаораған қос тілім нанды былай алып қойды, пакеттегі малма шайға қайнақ су, екітүйір қант пен сүт қатып, күрешкемен ішіп отырып, самауырдың шайына не жетсіндеп те қиялдады...

– Жақсылық Қабенович, сіз директордың қабылдауына шақырыласыз! – деп хатшықыз сыңғыр ете қалғанда, мен осы сөзді қашан естіп едім деп аңтарылып қалды.Қыз жылы жымиып, есік ашып тұр. Өй, өзі бір әйбәт бала, осындай балалардыбастықтар қайдан тауып алады екен деп ойлап келеді. Бөлменің төбесіндегіхрусталь шамдардан бөлменің орта тұсына алтын арай төгіліп тұр. Шамасы күнкешкіріп қалған сияқты. Терезеден сыртқа көз тастап еді қараңғы тәрізді, әлдеперде жабық па, онда ол да қара болды ғой, көше шамдарының жарығы байқалмайды.Қызық екен! Бұрыш-бұрыштарға күңгірт көлеңкелер орнап апты. Ортадағы ұзынстолға дейінгі жер бітпейтіндей көрініп келеді. Столдың ар жағында тағы соншамажер жатыр. Бөлменің биіктігі мен ені ешбір уақыт пен кеңістікке сыймайтындай.

Жақсылық жаңа бастыққа қарап қапты. Шашықап-қара, бірақ мұрты мен қасына қырбақ бурыл кіріпті. Көз ұясы шүңіректеубіткенімен аясы ашық, мөлдір мейірім бар, әлде қарашығының көгілдір түсінен беекен? Жалпы бет әлпетінде еркектерде сирек кездесетін тартымдылық бітіпті.Отырған отырысынан ширақ, қағілездеу, шапшаң адам екені аңғарылады. ОлЖақсылыққа кіріп келе жатқанда қарағандай боп еді. Қазір екі шынтағын стөлініңүстіне қойып, қолдарын иегіне тіреп ап, алдындағы «жеке парақтар» тігілетінқұжатқа қадалып қапты. Мына иттің күттіргені аз болғандай, мына отырысы не,тағы? Осы ой Жақсылықты аш қарнынан арман ішін тырнап өтті. Көзінеөшпенділіктің жылан жүрісі атойлап шыға келгенін жасыра алмай, анаған назарыннаразылау тастады. Оның да күткені осы болу керек, Жақсылыққа орындығымен қосашалқайып елеусіздеу көз тастап алды да аман жоқ, сәлем жоқ, құйтырқы сұраққойды.

–  Сенің мына жүрісің не жүріс? –деді ұялы телефонының бетін түріткілеп отырып.  

Мынау сасып қалды. Әйтсе де, үнсіздіккөпке созылмады.

–  Бұл сұрақты бұрын да естігем,бірақ қанша рет екені есімде жоқ, шамалауымша аз емес-ау! – деді Жақсылық.

–      Кімнен?

–      Қатынымнан!

–  Солай де! – анау осы сөзгеерекше екпін түсірді. – Ол не қылмадың дейді?

–  Соны енді сізден сұрасам деймін?– Мынау тағы бір ағаш оғын атып жіберді.

–  Солай де!.. – Бастық бұған ендібайыптап қарады. – Өй, өзің маған ұқсайтын сияқтысың ғой? – деп Жақсылыққаыңғайсызданғандай көз қадады. Көзі көк бадырақтау адамның таң қалғаны қызықекен!

–  Мен де соны байқадым. Сізде мұртбар, ал менде ол жоқ, қасым да ағармаған – деп Жақсылық тәптіштеп түсіндіріпжатыр.

–  Жарайды, мен тырнағымды алыпалайын, ал сен ойлан! – деп бастық тартпаларын суыра бастады. Тырнақ алғыштыЖақсылық оған өзі ұсына қойды. 

– Жағымпаздау жігітке ұқсайсың? Шыныңдыайтшы, жалпы қандай адамсың? – деді тырнағын тырсылдатып алып жатып.

–      Атаққұмармын! – деді Жақсылық.

–  Анаң қара! Жә, бір-біріміздіқыжыртуды қояйық та мына дүниеде атаққұмар емес адам бар ма өзі, сенікі соныңқай түрі?

–  Мен балаларыма жақсы әке болудыармандаймын. Айталық, олардың жанында күнде боламын. Бірақ, естерінде қаламынба, жоқ па, міне сол мені ойландырады. Бүгін олардың қалауын орындасам деймін:ол машина мен самолет, мүмкін осыны естерінде мәңгі сақтап қалатын шығар.Байқайсыз ба, мен есте қалғым келеді! – деп Жақсылық қарап отыр.

–  Еске алу мен есте қалу де, менде содан қатты зардап шеккен адаммын, – деді ол жан-жағына байыптап қарап,бейне бір бәрін жаңа көріп тұрғандай. – Әкем мені әкелік махаббатпен құшағынақысқаны есімде жоқ!

–  Жо-жоқ, олай демеңіз! Сіздіәкеңіз құшақтап тұрып, мүмкін қуанды, мүмкін жылады, менің оған күмәнім жоқ! –деді Жақсылық, – тек ол шақта сіз есіңізді әлі білмеген болуыңыз керек.

–  Мүмкін! Қазір де біліп кеткенімшамалы...

–  Ал, мені әкем құшақтаған, себебіол қорыққанынан құшақтады. Маған кәмелеттік жасқа жетпей жатып мотоцикл алыпберді және алғаш рет артыма мінгесіп ап, оны жүргізуді үйретті. Мен өзі балакезімнен дарақылау едім, атқа мінсем тұра шабам, бір түрлі қанат біткендейболады. Сол шақта да жылдамдықты арттырып жібердім білем. Міне, сол кезде әкейзәресі ұшқан болуы керек, мені құшақтап алғанын сезбей қалды. Бұл мені соншалықелеуретті, бірақ есімде.  

–  Сенің еңбек тарихыңды қарапшықтым, – деді ол ұзақ үнсіздіктен кейін өзара әңгімені мүлде басқа арнағабұрып. – Байқаймын, бір орында жиырма бір жыл қызмет ету, жылжу емес,батпақтау! Сондықтан, ертеңнен бастап, жұмыстан босатыласың!

– Неге?

–  Өзгеру үшін! Бұл сенің қамың, алменің қамымды өзін-өзі бір орыннан жылжыта алмағандар қалай ойлайды, сосын менсаған не үйретемін…  сендер өткені бар, болашағы жоқ адамсыңдар...

–  Өзгеру сізге лайық болуы мүмкін,ал менің жеткен жерім осы! – деп Жақсылық оған шарасыз кейіп танытты. 

–  Сен артық адамсың!«Пенсионерсің» түсіндің бе?

–  Ал, сіз ше?!

–  Мен де!

–  Сонда кім қалу керек?

–  Үшеуіміздің, тек біреуіміз!

–  Ананың не жазығы бар? – депЖақсылық өзінің сыңары туралы ойлап, шырылдап кетті.

Жақсылық бастықтың кабинетінен қашаншыққаны, тіпті сонда болған болмағаны да есінде жоқ. Қызметтесі келмепті, келіпқалар деп біраз күтті. Жоқ! Бүйтпеуші еді. Амал жоқ, ыңғайсыздау болса да жұмыскиімімен жолға шақты. Оған енді ешкімде назар аударған жоқ. Ол Төле бикөшесімен Панфиловқа дейін жаяу келді. Биылғы күрделі жөндеуден кейін осыкөшемен жүруді ұнатады. Әсіресе, түнгі шамдары жанған кезде жаныңа ғарыштықбірдеңе құяды.

Жаңбыр кешке таман сіркіреп жауып кетті.Бұл тіпті керемет болды, шамдардың күңгірт жарығы мұң тербейді: сенің жылапалам десең де еркің. Кім байқайды! Төле би көшесінің бойында ашық күні қаланыңәсем көшелерін сыпырып, су шашатын «ойыншық» тракторлары тағдырдың тәлкегінеұшырағандай күрегіштері мен сыпыртқыларын түсіріп тізіліп тұр. Қоғамдық көліккеарналған арнайы жолақпен қала бағытындағы автобустар асықпай-саспай ауырқозғалады. Оны экспоның шолақ тұмсық кішкентай автобустары рұқсат етілмегенжолмен басып озып, заулап барады. Бейне бір көлшікте жүгірген шошқаның торайысияқты. Тротуарды жағалап аққан жаңбыр суы арықпен ақпағанына ыңғайсыздана мақалай, қысылып ағады.  

Ол көше жиегіндегі әлі де ашық тұрғандүңгіршектен ыстық шай алып ішті. Бүгінгі түскі тамақ сол күйі желінбей қалды.Сөмкесіндегі арасына сыр мен шұжық қыстырған нанды алып жесем бе екен деп тұрдыда сатушыдан ұят болар деп ойлады әрі бірдеңе жегеннен гөрі, бірдеңе ішкісікелетін сияқты. 

Сыртта мойнынан су кетіп, сүлкіні түсіпбіраз жүрді де оңашалау бір кафеге кіріп, екі саптаяқ сыраны сіміріп алды.Көңіл әп-сәтте кеңіп сала берді. Қалтасын қайта-қайта қысып қояды. Қомақты ақшабар – бақандай 110 АЕК. Соның 55 АЕК-і өзінің таза еңбекақысы, ал қалғанықайдан келді, оны бастық біледі. Ол сұрап еді анау сауалына саусақпен ернінбасып, сосын сол саусағын есікке қарай нұсқап тұрып, Жақсылықты жылы шырайменшығарып салған. Қолына бір қорапты ұстатып жіберген. Сол бастығы берген қағазқорапта не бар екен деп оған да қарап қояды, бірақ ашқан жоқ.

Тап жанында Опера және балет театрыныңәсем ғимараты төбесінде көк туы желбіреп тұр. Алдында адамдардың қарасыкөбейген. Біреулер гүл құшақтап кіріп жатыр, біреулер біреулерді тосып жүр,тағы біреулер біреулерді күтіп алып жатыр, енді біреулер қолшатырдың астында оңашасөйлесіп, ұрлана сүйіседі. Жеңіл машиналардың да түр-түрі келіп, тоқтап жатыр,кетіп жатыр. Шлагбаум кейбірін кіргізеді, кейбірін кіргізбейді. Бұларды даалалай ма қалай, әйтсе де бәрі әдемі, бәрі сұлу, басқа бір өзгеше әлем.Жақсылық өзін театрда отырғандай сезінді. Тұрып-тұрып бағдаршам жанған кездеҚабанбайды кесіп өтіп, театрдың алдына келді. Фонтанды жағалап кеп, солжағындағы афишаға қарап еді Дж.Россинидің «Севильдік шаштараз» операсының жаңақойлымы жақында болады деген хабарландыру ілініпті. «Шаштараз» түсінікті, алСевильдік деген не? Қала болуы керек деп жорамалдады. Ғимараттың батыс жаққанатында Дж.Вердидің «Риголеттосы» ілініпті. Бүгін болатын опера осы екен. Солжағында тағы бір «Коппелия» деген балет тұр. Тіпу, бәрі де біздікі емес қой! Сөйтседе, «Риголлетоға» кіргісі келді. Сағатына қарап еді 6-дан 25 минут кетіпті.Билеті де жоқ, оны қайдан алатынын да білмеді. Кассаны қарап еді, жабық сияқты.Ал киімінің ыңғайсыз екені және аздап сыра сасып тұрғаны өзіне жақсы сылтауболды. Сөйтіп, романдарда болатындай бұрыла беріп еді: жанына жоғарғы класстыңқара мерседесі кеп тоқтай қалды, ішінен әсем аяқ сыртқа кербез шығып, жергежұмсақ тиді. Мынау сол ғой! Қиялдағы арман аруы! Ары қарай айтудың өзі ауыр,оны манағы өзінің бастығы қолтығына сырбаз алып, театрға қарай бет түзеді. Сұлукеліншек Жақсылықтың жанынан өтіп бара жатып, бір жері ауырсынғандай қабағынмұңдана, жоқ оған солай көрінген болу керек, жиіркене, жоқ… әйтеуір көзжанарын бір түрлі тастады. Анау тіпті назар да аударған жоқ, өзіне-өзі тымсенімді, жүрісінде сұмдық бір салтанат бар. Инаугурацияға бара жатқан президентсияқты. Жақсылықтың ішін алай-түлей бір сезім аямай осқылап өтті. Қызғаныш,көрсеқызарлық, өз дәрменсіздігін сезіну – оны шыңырау түбіне қарай тастапжібергендей болды. Ешбір ойсыз, түйсіксіз келген жолымен кері жүріп келеді.«Алмалы» метросына кірді, «оңайдағы» соңғы ақшасын шыр еткізді. Сосын,эсколатормен құдыққа тастаған қауға құсап сырғыды. Ол платформаға дейінқабырғалардағы суреттерді тамашалады. Ал текеметтің түріндей мәрмәр едендегібедердер, сырмақтың қошқармүйіз оюлары, міне бұл шешесін еске түсіреді. Байғұсшешей, басыңа мынау құсаған мәрмәрдан құлпытас қоя алмадым-ау! Мұнда олараяқтың астында жатыр.        

Алыстан гүріл естіледі, метроның ішіндесамал жел соғып тұр, тас орындықта бір жас қыз Булгаковты оқып отыр. Қыздарсоны оқитынын бірнеше рет байқаған. Әйелдер бірдеңе біледі. Оқуым керек екендеп ойлады.  

Тунельдің қабырғасын өткір жарық тіліпкеледі, гүріл күшейіп, доңғалақтардың релсьті үйкеген шиқылдары метроның ішінсолқылдатып жіберді. Бетті қатты жел қағып қалды. Вагон кеп тоқтады. Адамдарішке кіріп кетті, метроның іші бос қалды. Баспалдақтан асыға түсіп кележатқандарды күткен жоқ, есік жабылып, вагон жүріп кетті. Диктордың саңқылдағантұнық даусы сондай жағымды. Вокзалды еске түсіреді. Тазалық пен тәртіптіңЖақсылық көрмей жүрген мекені екен. Вагон ішіндегі кондиционерлер жылы жәнетаза ауаны адамдарға желпіп тұр. Өзінен сыра мүңкіп тұрғанын сезіп, қысылайындеді, ептеп бұрыш жаққа жылыстады.  Жер астында адамдар тіл қатыспай мақалай, көбі үнсіз. Сондай ойшыл, таза, мәдениетті жүздерге қарап тұру ғажап!Вагонның қабырғасына жапсырылған жарнамаларда өңкей бір сұлу адамдар сағанкүліп қарайды, диктордың үш тілде айтып жатқан ескертулері мен өтініштерікісінің көңілін бір түрлі ізгілендіретін сияқты. Бәрі тек тәртіп жайындаайтылып жатыр, тіпті сәт-сапар тілеген тілегінің өзі қандай! Көзіңді аш, Жәке!Елес пен қиялдың жетегінде жүруді тоқтат! Қара жан-жағыңа! Күйбеңдеуді қой,Жәкесі! Үш әлемде өмір сүріп жатырсың: көк те, жер де, жердің асты да, оларсаған ештеңе айтпай ма… Қайнаған, қарбалас өмірге ілесе алмасаң оған ешкімкінәлі емес. Өз қасіретін халық қасіретіне айналдырғысы келетін пенделердің бұлдүниеде бары мен жоғы бір есеп. Дүниенің доңғалағы даналарсыз да, аналарсыз дадөңгелей бермек. Жер адамдар үшін айналады деп кім айтты саған дептұрғандай!      

Ол «Мәскеуден» шығып, Жұбанов–Сайынкөшесіне дейін такси ұстады. Абай да, Алтынсарин да көлік кептелісінен бітеліптұр екен. Қараңғы әрі жаңбырлы күнгі сұрғылт ауада бу көтеріліп,автомобилдердің жарығына шағылысып тамшылар ойнайды. Көше самсаған қалың оттыбаяу лықсытады, бейне бір домна пешінде балқыған шоқ тәрізді. Ал қарсы көшедеолай емес: аққан жұлдыздай заулап жатқан қос шырақ. Жылдамдықты арттырғанбіреуді жол полициясы қуып берді, жүрісінде тышқан көрген мысық жүріс бар, алереже бұзған машинаның жол жиегіне «қап!» деп барып тоқтағаны тұрысынансезіледі. Алтынсаринмен сиренасын қосып, қарсы жолмен науқасқа «өмір» тілеп баражатқан жедел жәрдем машинасы зәреңді ұшырады. Жақсылық осы бір сиренаны естісе,төбе құйқасы шымырлап кетеді.

Ол үйіне жетіп, пәтерінің домофонынбасты. Қызы көтерді. – Папа келді! – деп мамасына айқайлап айтып жатыр,әйелінің ар жақта қазанға бірдеңені қуырып жатқаны қасықтың шақырлағанынанестіледі. Ұлдар әдеттегідей кіреберісте футбол ойнап жатыр.

Кешкі тамақ көңілді ішілді. Балаларқуанып жүр. Өздеріне ойыншық алып берген «аяз атаға» тағы да өтініш жазбақшы.Жақсылық қораптан өзі ойлаған тосын сыйы шыға келгенде таң болды. Мүлде ұмытыпкеткені қалай? Сасқанынан балаларына «аяз ата» берді деп өтірікті соғыпжіберген.          Түн. Үлкен ұлы көпкедейін ас үйде жүріп алды: мамасының айтуына қарағанда, өтпелі кезең көрінеді.Ал екі кішкентай ешкімге орын бермейміз деп тым еркінсіп ұйықтайды. Қаламқағаздары қастарында шашылып жатыр.  Құшақтарында машина мен самолет.Ананың «тосын сыйы». Мұнысы несі? Өзі көріпкел ме, данышпан ба? Бұған «Артықадамсың», «болашағың жоқ» дегені қай сасқаны? Қазір кімнің болашағы бар? Сенімдегеніңіз – архаизмге айналағаны қашан?  Бұқараға биліктің сөзін айтудықою керек қой, атаңа нәлет, «аяз ата!» деп айқайлағысы келді, бірақ кімге?!..

Жақсылық еденге салынған төсегінеқисайып жатып, теледидарды қосты. Бәрі де ақылдасып алғандай сиыр сілекейтелетоптамаларды көрсетіп жатыр. Басқа арнаға ауыстырды. «У-шу» кешкіжаңалықтардың анонсын таныстырып өтті: бүгінгі жауында «Алматы-2» вокзалындажолаушылар тізелерінен су кешіп, «дабыл қағып» жатыр дейді. Әкімнің атынаауыр-ауыр сындар айтыпты. Әй, жарандар-ай, десеңізші, оның не жазығы болдыекен! Тағы біреу сыбайлас жемқорлықпен «құрықталыпты», енді темір торға«тоғытылатын» көрінеді, оны қолына кісен салып, машинаға отырғызып жатыр, тусыртынан қарасаң, өзінің бастығына, өзінің сыңарына, тіпті өзіне де ұқсайтынсияқты. Қой, құрысын, көзіме қай-қайдағы елестейін деген бе? Теледидарды өшіріптастады. – Тезірек таң атса екен! – деп ойлады, – ертең де күн бар ғой, албүрсүгүні, оның арғы күні, бүгінгінің бәрі де ұмытылады деп өзін-өзіжұбатты. 

Жұбайы құрсағын құшақтап төсегінде ауыраунайды. Жақындап қалған-ау, көңіл аударуды қойды. Жаңбыр толастайын депті.Ертең жылы болатын сияқты. Қыс та келмей қоймас.   

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз