Саясат

Ермұрат Бапи орнына Жанболат Мамайды қойғысы келіпті

ЕрмұратБАПИ «Ақиқат»ЖСДП төрағалығынан күтпеген жерден кетті.Істің бұлай бағыт аларын саясаткердің өзі де күтпегенін айтады.

Ермұрат Бапи орнына Жанболат Мамайды қойғысы келіпті

Оның негізгіжоспары мүлде басқа болыпты.

Осы оқиғаға қатысты Бапидың жақтастары жиналып өткізгенбаспасөз конференциясында «Ақиқат» ЖСДП-ның бұрынғы басшысы бүгінгі съезде өзеркімен орнынан кетіп, партия басшылығына саясаткер Жанболат МАМАЙДЫ қойғысыкелгенін айтады.

— Жанболатты қойғым келген. Бірақ,партиядан кетем деген ой болған жоқ. Біз қазір біраз жасқа келдік, қимылдауымызда қиындай бастаған. Осындай кезде партияға жастардыкөптеп тарту өте маңызды. Мен Мамайды орныма қойған соң да оған бәрімізжан-жақтан көмектесіп, жабылып жұмыс істейміз деп ойлап едім. Оған, өздеріңізде көрдіңіздер, жеткізбеді. Міне, сондай адамдар… – дейді Ермұрат Бапи.

Оныңсөзінше «Жанболат Мамай – таза, біз сияқты былғанбаған, «Жаңа Қазақстанда»болмаған, «ескі оппозицияда болмаған жас жігіт», сол себепті,қазіргі уақытта билікке лайық қарсылас болу үшін осындайжаңа әрі жас тұлғалар керек. 

Жалпы,Бапи өзінің партиядан шығарылғанына да, төрағалықтан түскеніне де налымайтынынайтты. «Осы елдегі жалғызоппозициялық партияны биліктің астына жығып бергеніне»налиды. Және өзін неге алып тастағанын былайтүсіндірді:

— Себебі, мен осы сайлау біткенненбастап азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өткіздім. Партияның басқа мүшелеріболған жоқ, бақылаушылармен кездестім, сайлаудан кейін пайда болған жастар қозғалысыныңөкілдерімен кездестім. Жастар қозғалысының өкілдерін партияға шақырдым.Қысқасы, партияны жаңарту, жасарту қажет болды. Оның үстіне мен бірнешесұхбатымда мәлімдеме жасадым. Біз бақылаушылардың көмегімен және халықтыңқолдауымен сайлауға ешқандай ымырасыз барамыз дедік. Компрормис деген болмайды.Халық бізді қолдайды деген сенім болды менде. Бірақ, президент сайлауынанқансырап шыққан билік парламенттік сайлауға тұтасқан бақылаушылардың армиясыналып баратын ЖСДП-ны көргісі келген жоқ. Сондықтан осындай жағдай болды деп ойлаймын.

«Парламентсайлауына жаңа құрам, тың күшпен барғысы келген арманы» күл талқан болғанэкс-төраға әзірге ешқандай шешімге келіп үлгермегенін айтып, партияны сақтап қалаалмағаны үшін кешірім де сұрады.

Айтакету керек, конференция басталғанға дейін-ақ жиналған жұрт не болып, неқойғанын талқылап тастады. Белгілі болғаны, партия съезі жоспарға сай,тып-тыныш басталған. Жоспарлар бекітілген, сөздер сөйленген. Сөйтіп, жиынаяқталар тұста күтпеген жерден Бапиға кінә тағылған. Бапи жақтастарының ойынша,мұның бәрі алдын ала ойластырылған. Бапидың орнынан кететінін, орнына Мамайдыұсынатынын білген де, алдын ала ұйымдасып, бәрін дайындап қойған. Олардыңойынша, бұл заңсыз шешім.

   — Құрметті жолдастар, бүгін бізҚазақстандағы саяси алаңдағы, саяси оппозициялық майдандағы үлкен өкініштіоқиғаға куәболдық. Мен басынан бастап бәрінкөрдім. Ең алдымен бұл іс президент әкімшілігінің әрекеті. Олардың осы партияны құртубастымақсатыболған. Өйткені, соңғы президент сайлауында оппозициялық күшті әбден сезініпқалған. Халықтың наразылығы өте жоғары деңгейде екеніне көзі жетті. Келесіпарламент сайлауында билікке лайық оппозиция бола алатын ЖСДП-дан басқаешқандай саяси партия жоқ. Сондықтан, билік өзінің провокаторларын жіберіп,оларға мүмкін ақшалай, мүмкін ертең депутат боласың деген уәде беріп, осындайіске салып отыр. Мүмкін, ақшасы көп адамдар партияны сатып алуға тырысқан дашығар. Сөйтіп, аты белгілі партияны биліктің қолына алу. Олар партияға жаңаазаматтық қоғам өкілдерінің, белсенді жастардың келе бастағанынан қорықты, — дедісаясаткер Уәлихан ҚАЙСАР.

Сөйтіп,күтпеген жерден «жоспарының бәрі қыршынынан қиылған» «Ақиқат» ЖСДП төрағасы нешешім қабылдады? Ол, алғашқы сөйлеген сөзінде-ақ мынадай күтпеген соққыданкейін ойлана алмай отырғанын, асықпай, екі-үш күнде өз өзіне келіп алып барып,қандай қадамға баратынын шешетінін айтты.Бірақ, оның жақтастарына оның мұндай шешімі ұнай қойған жоқ. АлдыменЖурналистер одағының бұрынғы басшысы Сейіткқазы МАТАЕВ бастап, жиылғандардың бәрі тегіс «Ереке, берілугеболмайды, сынып кетпеңіз, оларға керегі де осы» деп дем берді.

— Мен партияның мүшесі емеспін. Бірақ,бір ауыз сөз айтайын. Жалпы, съезд заңсыз болса, онда Ермұрат емес, осындаотырған партияның өзге мүшелері мәлімдеме жасау керек. Қай жерден делегатшақырылмады, кім қатыстырылмады бұл съезге. Осы жағынан. Екіншіден, бүгінгісъезд биліктің ұйымдастырған шарасы деп айтуға болады. Балам түсте маған келдіде айтты (жиынға оның ұлы Әсет Матаев та қатысты. – Ред.), бірнешепартия мүшесін «охрана» кіргізбей қойған. Сосын мандатты студентке берген…Менің айтайын дегенім, сотқа берсеңдер түк болмайды, билік оны қабылдамайды.Бәрін іштен шешу керек. Партия мүшелері түгел атсалысу керек. Ереке, менотставкаға кеттім дегенді ұмыт. Соңына дейін күресу керек, — деді Сейітқазы Матаев.

Бұданкейін сөз алғандардың дені осы мағынада сөйледі деуге болады. Әр облыстанкелген партия мүшелері, тәуелсіз бақылаушылар, азамақттық қоғам мүшелері,белсенділердің бірі соттасу керек десе, енді бірі бұл мәселені партияның ішкіжарғылары бойынша шешу керек деді. Тағы бір айта кетерлігі, кей облыстан келгенпартия мүшелері съезге өздерінің шақырылмағанын айтып, съездегі шешімдімойындамайтындарын, Ермұрат Бапиды әлі де партия төрағасы деп есептейтіндерінайтты.

Фотолар: tengrinews.kzжәне автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз