Өңір

Есболат Айдабосын. Жаза

Алып шаһар аспан суына армансыз жуынып жатыр. Даланың шаңын қалаға алыпкірген көлігімізді кіре берістен-ақ шайындырып алды.

Есболат Айдабосын. Жаза

Ауылдан шыққалы алқынбай шапқан арғымақ жыпырлаған кептелісбасталғалы тасырқағандай кібіртіктеп қалды.

– Алматыға алғашкелгенің есіңде ме?

– Ес білгелікеліп-кетіп жүрміз ғой.

– Иә, сары жигулимен сайрансалдың ғой.  Небір сурет көрсетіп мақтанушыедің.

– Солай ма еді?

– Солай! Сеніңәке-шешеңе ризамын. Балаларынан ештемені аямады.

– Барлық әке-шешесондай емес пе?

– Қателесесің! Баласытұрмақ өз қара басын алып жүре алмайтындар бар. Ал, сендердің ішкендеріңалдарыңда, ішпегендерің арттарыңда тұрды ғой… Жұрт тоқпақтап жатып толқынынәзер табатын ескі теледидармен алысып жүргенде сендер пультпен басқарылатын LG көріп,шалқайып жаттыңдар ма? Жаттыңдар. Видеомагнитофонды елден бұрын алдыңдар ма?Алдыңдар. Айтпақшы, боевик киноны бірінші рет сендердікінен көргенмін.

– Ой, видик көрсетіп,талай ақша таптық қой.

–Кино көру үшінсаған жалпаштанатынбыз. Сен де бір кердең едің ғой, тебеген аттай жаныңа адамжуытпайтын. Киноға шақырып алып жұмысқа салып қоятынсың. Вандамның «Қанды спорты»болар кезде екі қораның тезегін ойып, «Терминаторды» көруге келгенде біртелешкі шөп түсіргенім есімде.

– Ұмытпайды екенсің.

–Бәрі… Бәрі есімде.Алғаш қалаға келгенде жаңбыр тура осылай төпелеп тұрған. Ол да есімде.

– Қашан еді?

– 99 дың қыркүйегі.Сендер екінші курсқа көшкенсіңдер.

–Оған дейін Алматығакеліп көрмеп пе едің, не?

– Оның өзінде қашыпкелдім ғой, ешкімге айтпай.

 

                                                  ***

Жайлаудан алдыртқан қасқа саулықты кеше сойып, етін бір жел қақтырып қапқасалғанбыз.  Бағлан өңгерген бөрідей солетті бөктеріп алдыма түсті. Ауылдан үнемі тыңқиып қайтатын ала дорбаны мықшыңдайкөтеріп соңынан ілестім.  Бала-шаға шұрқырайқарсы алды. Қатын қазан көтерді.

– Карта ойнағаншошқаның қарнын аршығанмен тең!

–Ескі әдет. Қонағымныңкүнәсін өзім көтерем, тарат!

– Бала күніңдеаурушаң едің, қазіргі денсаулығың қалай?

– Шүкір!

– Біз сол тоқсаныншыжылдары елге келген шетелдік көліктер секілді ілініп-салынып жүрміз.

– Оларды біздіңойқы-шойқы жолдарымыз құртты ғой.

–Біздің жүрген жолтақтайдай тегіс болды деп кім айтты?..

– Оның да рас!

– Көп балалы әкеболыпсың...

– Тәуба!

– Әй, сарыбас, әкелнасыбайдан. Тух, шіркін! Күштісін-ай! Танауымды қуырып жіберді ғой, тегі. Нағызбатыр!

– Өзің не бітірдің?

– Мен бе? Е, мен демына бір дама қарғаға қор болған байқұс валет көзірмін ғой…

– Көтердің бе?

– Иә, жеңілетінтәріздімін.

– Жеңілме!

                                                                   ***

Кештеу жаттық. Көз іліне қоймады. Кешегі өткен сабақтастардың жиырма жылдықкездесуінен бастап әр нәрсені сөз еттік.

– Алдым жарық,алдыңғы күні түс көрдім. Бақшамдағы гүлдерді әлдекімдер таптап жүр екен. Жетіпбарып жағаласа кетіп едім дойыр қол кеудеме тиді. Көкірегім қаздай шулады. Бірсәтте гүл деп тұрғаным ақшаға айналып кетті. Жайқалып өсіп тұрған гүлдердіәлгілер таптаса болды әп-сәтте қызыл, сары, көк қағаздар көктеп шығады. Атыптұрып жаңа ғана кеудеме тиген дойыр қолға жармастым. Жетелеп жүріп бақшамның оңқапталындағы раушан гүлдерін таптаттым, онан кейін сол қапталдағы сары гүлдергеалып бардым. Олар таптап-таптап өз жөндеріне кете барды. «Ертең тағы келіңдер,гүл дайындап қоямын. Әдемі гүлдер дайындап қоямын», – дедім ақшаны құныға жинапжатып. Олар естімеген секілді. Тұра салып айқайладым. Осы кезде шошып ояныппын.

– Ол сенің түсің емесқой, бауырым!

– Иә! Өңім!

                                                        ***

Көрпені бауырына қысып алып теріс қарап жатыр екен. Денесі жалаңаш.Арқасына қыран қондырыпты. Онысы әлденеге шүйіліп келеді. Екі қанаты екі иықтыжауып тұр. Қозғалған сайын қанаттар бір жиырылып, бір жазылады. Құдды құлдилапкеліп түлкіге түскелі тұрғандай...

– Дөңбекшіп шықтыңғой.

– Ұйықтай алмадым. Қыз-жігіттердіңқылығы еске түсіп… Түк өзгермепті. Түр-әлпетін айтпаймын, мінездері со қалпы.

– Қайдам?! Қаңғалақашылыпты. Бұрын ешкім адам санатына қоспаушы еді, кеше суырылып шығып, сөзсөйледі. Шидей еді, толысып, әппақ сазандай жігіт болыпты.

– Е, ақша адамғасенімділік береді ғой. Байқадың ба, бұрын мектепте мықты жүрген жігіттербасылып қалған да, керісінше әркімді сағалап күн көргендер өскен. Неге?

– Өйткені мықтылардаөзгеге илікпес мінез бар. Сол мінезбен ешкімге жақпайды. Ал, аналар бала күнненәркімге жалпақтап, кісінің тілін табуға дағдыланған. Қазір солардың заманы.

– Тап бастың-ей! Дәлдиагноз!

–Нұрлан мен Мұрат қайда?Неге келмеген?

– Келмейді олар. Келтірмесікелтірмейді.

                                               

***

Жаңбыр түнімен жауыпты. Алып шаһар судан шыққан сұлудай күнге бой қыздырыпжатыр. Ағаштар да таңғы самалға басын дегдітіп, абыр-сабыр.

– О-о-о, Сайран! Қайран,Сайран!

–Батып кетежаздағаның есіңе түсті ме?

– Со кезде бекер-аққұтқарғансың

–Керек болған соңқұтқардық қой

–Кейіннен керекқылмадыңдар, ә?..

– Кім, кімді керекқылмады?

– Артымнан бір іздепкелмедің.

–Сенің ол жаққабарып-келгеніңді кеше естідім.

– Әй, қойшы. Ешкімгеөкпе артар ретім жоқ, бәрі өзімнен. Қу құлқынның қамы ғой. Алматыға алғашкелгенімде осы көлдің жағасында үш күн жүргенім бар. Сол есіме түсіп тұрғаны.

– Үш күн?

– Иә!  Үш күн автовокзалда түнедім.

– Негехабарласпайсың?

– Күндіз ауылдыңтаксистерінің қасына барып, аны-пұны шаруасына көмектесіп уақыт өткіземін, түндевокзалдың күту залындағы орындықтарға қисая кетем. Қалтадағы ақша таусылып,қарын шұрқырап көл жағасында отырсам  ілмигенбіреу шөлмек теріп жүр екен. Тұра салып мен де кірістім. Екеуміз кешке дейінбес қапшықты толтырдық. Весновка жақтағы шөлмек қабылдайтын жерге таксимен алыпбарып, өткіздік. Самсаға тыңқиып тұрып тойғаным-ай сонда бір. Ертеңіне тағыкеліп жинадық. Бір ай бойы осы Сайранның жағасын жайладым ғой. Әй, сол кездеосы бір үйлерге қызығып қараушы едім. Мынадай үйлерде тұратын адамдар неткен бақыттыдеп ойлайтынмын. Есіктен маңғазданып шығып келе жатқан май бөксе қатындар менболбыр қарын еркектерге қызыға қарайтынмын, кейде ызам келіп кіжінетінмін.

– Не үшін?

– Білмеймін. Ендіміне, сол үйдің балконында шалықтап тұрмын.

– Өмір...

– Иә, өмір! Тап қазірмен секілді біреу Алматыға алғаш кіріп келе жатқан шығар алақ-жұлақ етіп. Бірбозбала көл бойынан шөлмек теріп жүрген болар. Енді бірі түрмеге түсіп,біреулер моншада қыз-қырқынмен қылжақтап, масайрап отыр. Ал, әлдекімнің талқанытаусылып жатыр.

– Мүмкін, бәрі демүмкін!

– Бәс тігемін дәпсолай! Адамдар ана бір кептелісте тұрған көліктер секілдіміз. Бірі жылжысаекіншісі оның орнын басуға таласады. Бір боқтампаз шал өлсе, артынша бақырауық нәрестеөмірге келеді. Сондықтан менің де ізбасарларымның болуы заңды. Әттең оларды көрмеймінғой.

– Көрсең не істейтінедің?

– Жөн сілтер ем.

                                                    ***

Таң атқалы үйдің ішін ары-бері көшірген төртеу далаға шығыпты. Ойыналаңындағы әткеншектердің жалына жапатармағай жармасып жатыр. Дастарханға отырдық.Құран оқыды.

– Сақалы бар, мұртыжоқ діншіл болыпсың.

– Күнәм көп.

– Тамақтан ал!

– Жылытпа шіркінкеремет қой, екі рет піседі.

– Шөлмек бизнесінесолай кірген екенсің-ау!

– Е, не, білмеуші меең?

– Мен көргенде шолақ бастықболатынсың. Қарамағыңда бес адам шөлмек жуады. Сен келгенін қабылдап, жуылғанынқапқа салып, бұйрабас қатынның жанын тындырып жүретінсің. Біз өңшең студентсені жағалайтынбыз, ара-тұра шөлмек жуып тиын-тебен де таптық.

– Ол мұнда ғой. Оғандейін мен де шөлмек жудым. Шамамен жарты жылдай. Бойыма шыр байланған соң ғанасендерді іздеп таптым.

– Шөлмектің ақшасынаталай отырыс өткіздік қой.

– Сендерді сырағабөктіріп отырғанда рахаттанатынмын. Бір-бір пәпкілеріңді құшақтап, құлқиғанмойындарыңа қылтиған галстук байлап келіп тұрғандарың мен үшін мәртебе еді. «Меніңинтеллигент достарым бар»,– дегендей айналама қораздана қарайтынмын.  Сендер бірер апта келмей қалсаңдар көңілім кәдімгідейқоңылтақсып қалушы еді.

– Қалтасы тесік бесстудентті асырадың ғой. Саған қарыздармыз.

– Әй, қойшы соны. Нағызазапты жұмыс. Қыстың қақаған аязында қолыңды суға малу оңай деймісің. Су ыстық,дала суық. Со жерде істегеннің бәрі бүгінде ауру. Алды ана жаққа кетіп қалды. Менғана ерте кетіп, құтылдым.

– Бекер-ақ кеттің солжерден.

– Құтылдым, сосынтұтылдым. 

                                                     

   ***

Жаздың шақырайған күні таңғы салқынды демде жұтып қойған. Түні бойы жаңбыржаумағандай алып шаһар қайтадан алқына дем алады. Қапырық.

– Кондиционер қосайынба?

– Қоссаң қос.Кәрістер қалай екен?

– Жаман емес. Неміспен жапоннан қалыспаймыз деп борбайлап келеді ғой.

– Қай жылғы?

– 2012.

– Жағдайы жаман емес.Нағыз қаланың тұлпары. Білесің бе, мектепте жүргенде өмірі көлігім болмайтыншығар деп ойлайтынмын. Сендер ғой, 8-9 кластан бастап әкелеріңнің шохаларынзырылдатып жүрдіңдер. Іштей сендерге қызығатынмын, жүрмесе де осы үйдің алдындабір көлік тұрса шіркін деп армандайтынмын.

– Әлгі бір тракторғаайырбастап алған комби қайда кетті?

– Жүрмеді ғой сокүйі. Әкем байқұс совхоз тараған соң сары тракторын сары майдай сақтап еді. Сегізгебөліп, моторын маяның астына, қос дөңгелегін Келгенбайдың сарайына, телешкісінтағы бір жерге тығып, әрең дегенде бартер деген бәледен аман алып қалған. Теккузовы ғана үйде қалқиып тұрды. Бригадир Бекен екі-үш рет келіп дікеңдегенментүк өндіре алмады. Ақыры сынды, бұзылды, құрыды деп тізімнен сызылды. Сонанкейін құрастырып, жүргіздік қой, онда да кузовын көкке бояп тастадық. Біраз жылелдің жерін жыртып, отын-суын тасып ақша таптық. Қай түлен түрткенін білмеймін 78-жылғыағам: «Орынбайдың комбиына айырбастайық»,– деп шықты. Қояр да қоймай дегенінежетті. Бірақ ол құрғырың келген күні-ақ бұзылған. Содан жүрмеді. Еңсоңында  металломға кетті. Бір мініпсендермен жарыса да алмадым.

– Ештеңе жоқ, есесіненемісті де, жапонды да, французды да ерттеп міндің ғой...

– Е, несін айтасың...

– Айтпақшы біздіңауылда мерседесті ең бірінші мінген мықты сенсің ғой. «Мұқаш мерс-600 мініп келіпті»дегенді естігенде шалқамыздан түскенбіз. Клубтың алдында музыкасын бақыртыпқойып, тұрған тұрысың әлі көз алдымда. Көзде қап-қара көзілдірік, аяқта әппақкрасовки… Дискотекадағы бүкіл қыз бізді ұмытып сен жаққа жалтақтаумен болған.

– Иә, ол да бір дәурен екен ғой...

                                                     

 ***

Көктөбеден алып Алматы алақандағыдай көрінеді. Ептеп самал соғып тұр. Етектегіқапырық сол желден қаймыққандай маңайламапты. Басын Алатауға сүйеп, аяғынҚапшағайға қарай көсілген қаланың қақ төбесіне қонған күн жарықтық асығар емес.Аяңдап бара жатып айналасындағыларды қағытып кетер қу тілді шалдар құсап әйнектенсалынған ғимараттың шыныларымен шағылысып ойнайды.

– Өзгеріп барады.

– Биік үйлер көбейді.Сенің «Қазақстаның» тапал болып қалды қазір.

– Е,«Қазақстан» кімдіқұртпады?

– Қалай болды, осыныңбәрі?

– Тамақ пісіріпсататын әлгі бір жесір әйелді танисың ғой.

– Иә, мұнтаздай кісіеді ғой. Пісірген тағамдарын айтсаңшы...

– Бір күні жұмыстанқайтып бара жатсам жылап отыр. Қарақалпақстаннан көшіп келген біреулер бар еді,біз секілді шөлмек қабылдайтын. Солар қарызға тамақ ішіп-ішіп, ақшасын төлемейқойыпты. Шәнтік қошқардай талтаңдаған жүрістері ұнамаушы еді, екеуін қатар тұрғызыпқойып езуін тілдім. Сол күннен бастап әлгі жесір маған арқа сүйейтін болды.Тамақты тегін іш дейді, асты-үстіме түседі. Өзінен аумайтын сіңлісі бар екен,сонымен таныстырды.

– Оны бізге көрсеткенжоқсың ғой.

– Бізден төрт жасүлкен еді. Босаға көрген. Сендерден ұялдым.

–Содан?

– Содан не болсын, олда әпкесі секілді тамақ пісіріп сатады екен. Әпкесі біздің орталықты жайласа ол«Қазақстанды» маңайлайды.

– Қалай сонда?Даңғарадай қонақ үйдің өз асханасы жоқ па?

– Бар ғой, бұлсырттағыларға сатады да енді… Әлгілерге… Таңға жұмыс істейді ғой олар.

– Е, солай де...

– Соның тамағын тасыпжүріп… Әлгілермен...

                                                

      ***

Көк төбенің басында адам көп. Топ-тобымен келіп үлкен дүрбімен қалакөрінісін тамашалап жатыр. Дүрбі босаған сәтті пайдаланып біз де бардық. Малқараған жоқшыдай қаланың ана басынан, мына басына дейін шолып шықты.  «Қазақстан» қонақ үйіне ұзақ телмірді.

–  Бұрынғы өрісіңдібір айналып шығамыз ба? Катя жүрген шығар.

– Күлесің, ә?!

– Олар қайда, қазір?

– Итім біліп пе?

– Қазір мұнда олтірлік тиылған секілді.

– Талай жыл өтті ғой.Тым-тырақай қашқан жоқпыз ба?!

– Е, достым-ай!

– Самал, әлгі жесірәйелдің сіңлісін айтам… Байқұс аяғыма оратылып жылады ғой, «кетпеші, өкініпқаласың»,–деп шырылдады. Бірақ маған ақша керек болды. Ауылдың жағдайынбілесің. Шөлмек  жуып, итшілеп жүруден дешаршадым. Оның үстіне әлгі бір мерседеске бір отырған соң түскің келмей қаладыекен.

– Сол кезде бізден деіргеңді аулақ салдың.

– Басында сендерденаздап ұялыңқырап, қашып жүрдім шыны керек. Бірақ ақшаның буы деген сұмдықболады екен. Ұятым өліп қалды. Кәдімгідей ұят өліп қалады екен адамда. Біреулердіңитеңдеп жүріп жылына әзер табатын ақшасын бір түнде түсіресің, не ішем, не киемдемейсің. Ақшамен бәрін шешесің, беретін жерге бересің, алатын жерден аласың.Болдым, толдым деп ойладым, құдай ақы.

– Күніге қанша табушыедіңдер?

– Кемі 1000 доллар.Сенбі, жексенбі күндері үш-төрт мыңға дейін шығып кетеді.

– Соның бәрісендердің қалтаға түсті ме?

– Өздеріне процентін береміз. Менттерге, бандиттерге асатасың.

– Онсыз болмайды.

– Әрине!

                                                      ***

Тау беткейіне көлденең салынған қаптал жолмен аяңдап келеміз.  Көркем қаріппен «Көктөбе» деп жазып қойыпты.Сол жазуға сүйеніп суретке түскен ақсары шашты екі бойжеткен алдымыздан кес-кестейөтті. Көз қиығымен ұзатып салды.

– Мынау солар.

– Қойшы, қайдағыныайтпай...

– Мен оларды көзінентанимын, сөйлеген сөзінен танимын. Киген киім, сепкен иіс су, жаққанбояуларынан білемін.

– Әрбір жерге суреткетүскеніне қарағанда алматылық емес-ау!

– Украин сылқымдары.Арнайы тапсырыспен келген. Алматыда үлкен бір жиын өтіп жатыр ма еді?

– Білмедім. Көшедеполиция қаптап жүр ғой, әйтеуір!

– Сондай бірдеме… Мыналардыңжүрісі тегін емес. Қысқы Азия ойындары кезінде біз де оншақтысын алдыртқанбыз. Құныудай қымбат, бізге де аз қалмады.

– Негізінен сендерөзбектермен жұмыс істедіңдер ғой.

– Иә! Қырғыздар даболды бірен-саран.  Өзбек болғанда датаза өзбек емес, орыспен шатысқандары көп. Жылына екі рет барып әкеліп тұрдымғой.

– Немен әкелесіңдер?

– Автобуспен.

– Ол жақта адамдарыңбар ма?

– Бар. Дайындап тұрады.Алматы мен Ташкеннің арасын тоздырған саудагерлер автобусы көп. Соларғатиейміз. 

– Содан?

– Жұмысқа саламыз.Шаршағандарын шетінен саптан шығарып, басқаларға сатып жібереміз. Орнына «жылыжаңа», «видухасы» жақсыларын қоямыз. Алматыдағы ең үлкен «базар» бізде болды ғой.Бірнеше «точкада» жұмыс істедік.

– Нұрлан мен Мұратқалай кіріп жүр?

– Ол екеуін басындатакси ретінде шақырғанмын. Ары-бері тасып қана жүрді. Кейіннен бір-бір«товардан» беріп қойғанмын. Соны сатып, өздеріне ақша «жасады». «Точкалар»көбейген соң екеуін екі жерге «смотрящий» қылғанбыз.

– Шөлдеген шығарсың,шәй ішейік.

                                                    

   ***

Дәмхананың іші салқын екен. Адам да аздау. Бағана біз сөз еткен екібойжеткен сыраны түтікшемен сорып отыр. Бұл жолы олар біздің асты-үстіміздітінте қарады. Бір-бір кәуап пен шие шырыны, қызыл шәйға тапсырыс бердік.

– Мынауың өзеннің суығой. Тағы екі қалташа шәй сұратшы.

– Құрымдай болыпкетіп, жүрегіңді қақпасын.

– Үйренгенбіз. Анажақта суық қой. Қозғалыс та аз. Қан айналмаған соң қоюланып кетеді. Ал «шипр»ішсең қаның қызып, бойың жылып қалады. Әрине жүректі отырғызады. Ептеп-ептепдоғару керек.

– Олар қайда жүр?

– Кім?

– Нұрлан мен Мұрат?

– Қайта-қайта сұрапқоймадың ғой. Нұрланды білесің ғой өзі сатып жүрген «товарды» алған.

– Қалай сонда?

– Үш баласы бар. Есік жақтан үй салған. Былтыр ауылдағы Наурыз тойындабіреулер: «балаларың өзіңе ұқсамайды екен, үшеуі үш түрлі»,– деп қалжыңдапты.Соны көтере алмай төбелес шығарған. Қазір ешкіммен араласпайды. «Товарын»күзетіп күнін өткізеді.

– Мұрат?

– Ол біз секілді«торгачтың» қызына үйленген. «Шмон» болғанда қайынжұртымен бірге «побегке»кеткен. Содан көрген ешкім жоқ.

– Тірі ме?

– Тірі. Астрахан жақтадеседі. Ол жақта да осындағы тірлігін жасап жүрген көрінеді.  

– Шешесі?

– Ауылда. Мұратты уайымдаймындеп-ақ қартайды.

– Өзі бір үйдіңжалғызы. Жақсы отбасынан шыққан жігіт еді.

– Енді мен олардызорлап кіргізген жоқпын ғой.

                                                         

***

Етек пен өрді байланыстырып тұрған аспалы жол тыным табар емес. Өрмелепшығып, сырғанап түсіп жатқан жұрт. Біріне мініп құлдиладық.  

– Катя кім болғанбұрын?

– Өй, ол да осылардыңарасынан шыққан ғой. Кейіннен өзі топ құрып, тірлік қылды. Комитетте жақсытанысы бар еді, сол арқылы бүкіл шаруаны шешіп отырдық қой. Шатырың болмасақиын. Әлгі дөкей бекер обалы төбемізге тамшы тигізбеді.

– Енді қалай ұсталыпжүрсің?

– Катяның заказы.Мені жеке-дара жібергісі келмеді. Ант-су ішіп жатып, әрең иліктірдім. Сол дөкейарқылы қайта суырып алды. Тура бір жыл жаттым.

– Екеуің бірге тұрадыдеуші еді.

–Айтсам сенбейсің, шығыпкелген соң оған үйленбекші болдым. Өзің ойлашы, түр дейтін түрі жоқ, жасы елугекелген қатынға...

– Неге?

– Білмеймін. Бір күнкөрмесем тұра алмайтын болып қалдым. Ауылдағылар Сәрсектің қызына құда түсіпқойдық, соны ал дейді. Ал, менің есіл-дертім – Катяда. Түнде үйге қамап қояды.Терезеден секіріп түсіп, қашып кетем.

– Содан?

– Содан не болсын,бір күні бүкіл туған-туыс жиналып алып ортаға салды. Көнбедім. Өлем деп пышаққаұмтылдым. Олар да осыны күтіп тұр екен алып ұрып, қол-аяғымды байлады даҚаскелең жақтағы бір молдаға алып барды. «Баланың ішіне жын кірген» деп ол үшкүн оқыды. Оқып-оқып, күретамырдан қысып қылғындырады. Жының шықты депжіберген, қайдан, бәрібір тоқтамадым. Қол-аяғымды байлап тағы бір тәуіпкемпірге алып барды. Сол турасын айтты.

– Не айтты?

–Дуаланған. Алтынтісті, қара әйел дуалатқан. Соның өзі ғана қайыра алады, барып кешірім сұра,–деді.

– Оның кім?

– Катя қаншық та,басқа кім болушы еді. Әкем мен шешем байқұс жылап еңіреп ол салдақының алдынада барды ғой. Сөйтсе мойындапты. Шалқып жүрген жылдары Шаңырақтан жер алып, екіқабатты үй салғанмын. Тастақтан құрал-сайман сататын дүкен ашқанмын. Сол екеуінберсеңдер, жіберем депті.

– Өйдөйт, зәлімін-ай!Бердіңдер ме?

– Әлбетте. Нотариусқабарып екеуін де соның атына жазып бердім. Сосын бір күн ауырдым, ертеңінебасымды көтерсем басқа адаммын. Жеңілдеп қалғанмын. Катяның түрін көрмек түгілатын естігім келмейді.  

– Бастан құлақсадаға. Құтылғаның дұрыс болған екен.

– Сумен келген дүниесумен кетті осылай.  

                                                      

***

Күннің көңілі қайта бұзылды. Аспанды бұлт торлап деміл-деміл күркірейді,нөсер жаңбыр сіркірейді. Жел айдаған тамшылар терезеге келіп арандап жатыр.

– Не ойлап кеттің?

–Сені...

– Мені?.. Менкөргенді көрген жоқсың, мен жүрген жолмен жүрген жоқсың.

– Құдай сақтасын!

– Иә! Сендердісақтады, Құдай! Ал біздің басымызды допша тепті. Ақыры өз қақпасына әкеліпсалды.  

– Қайда барасың?Жеткізіп салайын.

– Мешітке...

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз