Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 20 Тамыз 2024

Есірткі сатумен айналысқан 55 telegram-арнаның қызметі тоқтатылды

в
Фото: pixabay

Қазақстанда есірткі сатумен айналысқан 55 telegram-арнаның заңсыз қызметі тоқтатылды. Арналарды 50 мыңнан астам адам қолданған.  

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, олардың жалпы айналымы 48 млрд теңгені құраған.

Жыл басынан бері қаржылық мониторинг агенттігінің материалдары бойынша елдің құқық қорғау органдарымен (ЭТТҚ, ҰҚК, БП, ІІМ) есірткінің заңсыз айналымына байланысты 60 қылмыстық іс қозғалды, оның жартысы контрабанда фактілері. Онлайн наркошоптарға қатысты тағы 29 материал бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілуде, деп мәлімдеді агенттік.

100-ден астам адам, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесі ұсталды.