Саясат

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Киевке келді

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен 15 шілде күні Киевке жұмыс сапарымен келді.

Урсула фон дер Ляйен

Бұл оның Украинаға соғыс басталғалы бергі 11-сапары.

Урсула фон дер Ляйен әлеуметтік желідегі парақшасында Еуропалық одақ пен Украинаның қорғаныс өнеркәсібін одан әрі ықпалдастыруға бағытталған жаңа бастамаларды жариялайтынын мәлімдеді.

«Мен Украинаға соғыс кезіндегі 11-сапарыммен келдім. Бұл – ерекше кезең. Украина қуатты әскери серпін қалыптастырды. Күштер арақатынасы өзгеріп келеді. Біз көбірек әрі жылдамырақ қару-жарақ өндіру үшін қорғаныс өнеркәсібімізді біріктіруге арналған жаңа бастамаларды жариялаймыз. Сонымен қатар ЕО-ға мүшелік және алдағы қысқа дайындық мәселелерін талқылаймыз», – деп жазды ол.

Сапар қарсаңында Урсула фон дер Ляйен Францияның ұлттық мерекесіне арналған салтанатты шараларға Украина президенті Зеленськиймен бірге Парижде қатысты. Бұған дейін дәл осы қалада Украина мәселесіне арналған «ниеттілер коалициясының» кездесуі өткен болатын.

Маусым айында Еуропалық одақ Киевке бөлінетін 90 млрд еуро көлеміндегі несиені төлеуді бастаған еді. Сонымен қатар ЕО Ресейге қарсы 21-санкциялар пакетін әзірлеп жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз