Қоғам

«Еуропа Ресейге шабуыл жасаса, бұл мүлдем басқа соғыс болады» – Лавров

Ресейдің Еуропаға шабуыл жасауға ниеті жоқ және бұған мүдделі емес. Бұл туралы РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Екатеринбургте өтіп жатқан Халықаралық жастар форумында мәлімдеді.

Лавров

Оның айтуынша, Ресей бұған дейін де Еуропа елдеріне қарсы әскери әрекетке бару жоспары жоқ екенін бірнеше рет айтқан. Лавров Украинадағы қақтығысты реттеу Ресейдің арнайы әскери операция басталған кезде қойған мақсаттарына қол жеткізуді және оның, Мәскеудің пікірінше, негізгі себептерін жоюды көздейтінін атап өтті. Ресей СІМ басшысы арнайы әскери операцияның мақсаттарына қол жеткізу халықаралық құқыққа негізделген әрі қандай да бір мемлекеттің үстемдігіне сүйенбейтін жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуына жол ашады деп санайды.

Сонымен қатар Лавров: «Егер Еуропа Ресейге шабуыл жасаса, бұл мүлдем басқа соғыс болады және өте қысқа уақытқа созылады», - деді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз