Қазақстанда бір реттік пластик ыдыстарға тыйым салынуы мүмкін
Қазақстанда бір рет қолданылатын пластик стақан, тәрелке және өзге де ыдыс-аяқ түрлерін пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін.
Қазір ел пластик қалдықтарымен күресуге бағытталған халықаралық келісімді әзірлеу жұмысына қатысып жатыр. Құжатта медициналық мақсаттағы бұйымдарды қоспағанда, бір реттік пластик өнімдерге қатаң шектеу енгізу қарастырылған. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев мәлімдеді. Алайда тыйымның қашан күшіне енетіні әзірге белгісіз.
Вице-министрдің айтуынша, бір реттік пластиктің басты мәселесі – оны қайта өңдеудің қиындығы. Мұндай бұйымдардың кейбір түрінен екінші рет пайдалануға жарайтын өнім алу мүмкін емес.
"Бір реттік ыдыс жасауға қолданылатын пластикті қайта өңдеу қиын. Одан қайталама өнім өндірілмейді", – деді Жомарт Әлиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның сөзінше, қазір халықаралық деңгейде пластикпен ластануға қарсы күрес жөніндегі келісім талқыланып жатыр. Қазақстан да осы келіссөздерге қатысуда. Құжаттағы ұсыныстардың бірі медицина саласынан басқа бағыттарда бір реттік пластикті қолдануға қатаң шектеу енгізуді көздейді.
"Бұл келісімде медицинаны қоспағанда, бір реттік пластикке қатаң шектеу қою туралы тармақ бар. Яғни Қазақстанда оны қолдануға жол берілмеуі мүмкін", – деді вице-министр.
Дегенмен әзірге бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Халықаралық келісім әлі талқыланып жатқандықтан, Қазақстанда тыйымның нақты мерзімі де белгіленбеген.
Жомарт Әлиевтің түсіндіруінше, қайта өңдеуге келмейтін пластик бұйымдар қоршаған ортаға жиналып, табиғатты ластайды. Сондықтан оларды пайдалануды шектеу қажеттігі туындап отыр.
Қазір ел пластик қалдықтарымен күресуге бағытталған халықаралық келісімді әзірлеу жұмысына қатысып жатыр. Құжатта медициналық мақсаттағы бұйымдарды қоспағанда, бір реттік пластик өнімдерге қатаң шектеу енгізу қарастырылған. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев мәлімдеді. Алайда ықтимал тыйымның қашан күшіне енетіні әзірге белгісіз.