Қоғам

Самара – Шымкент тасжолында Тәжікстан азаматтары эвакуацияланды

6 қараша күні сағат 01:11 шамасында Ақтөбе облысында Самара – Шымкент автожолының 1214-шақырымында патрульдік полиция жасағы жол жиегінде тоқтап тұрған автобусты байқаған.

Тәжікстан азаматтары

Тексеру барысында Тәжікстан Республикасынан Ресей Федерациясына бағыт алған Van Hool автобусының техникалық ақауға байланысты жолда тоқтап қалғаны анықталды.

Автобус салонында екі жүргізуші мен 15 жолаушы болған. Олардың алтауы – әйел, төртеуі – бала, бесеуі – ер адам. Барлығы Тәжікстан Республикасының азаматтары.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ырғыз ауданының төтенше жағдайлар қызметі мамандарымен бірлесіп, жолаушыларды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Олар Ырғыз ауылының қиылысында орналасқан мешітке орналастырылды.

Жолаушылар медициналық көмекке мұқтаж емес. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз