Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:15, 15 Желтоқсан 2023

«Эйр Астана» былығы: борт қызметкері жолаушыға «қытай» деп тіл тигізген

эйр астана
Фото: из открытых источников

Әуе компаниясының рейсіне бірнеше жолаушы сыймай қалып, ұшақтан шығарылған. Айтуларынша Алматыдан Дубайға бағытталған рейске борт ауысу себебінен бірнеше жолаушы сыймай 1 сағат бойы суықта тұрған, деп жазды Zhasalash.kz.

Борттың ауысуына байланысты компания жолаушыларға басқа күнге бизнес-классқа ауыстыру, 200-400 доллар көлемінде өтемақы төлейтіндерін айтқан. Бірақ шұғыл жұмыстарымен діттеген жерге жеткісі келетін жолаушылар бұл ұсыныстардан бас тартқан. 

Жолаушының бірі оқиғаның мән-жайын баяндап берді.

Біріншіден, бұқара "Air Astana"-ны Қазақстанда танымал әуе жолы деп біледі, бірақ олар өздерінің қателіктерін мойындамады. Екіншіден, әуебикеш Зарина ханым ешқандай дәлелсіз мені ұшаққа кіргізбеді, себепсіз жолдасымды сөзбен бопсалап кігізбей қойды. Үшіншіден, қазақша сөйле деген кезде сол сөзды естіп мазақтады. Төртіншіден, осы жағдай болғанан кейін Аir Astana бізге ешқандай жауап бермеді. Енді бізге жауап қайтармаған соң, осы дәлелі бар видеоны жіберуге мәжбүр болып отырмын. Бізге не полиция, не air Astana әділ жауап бермесе, біз халықтан сұраймыз, халық әділетті",- деп наразылығын білдірді.

Борт қызметкерлері түрлі сылтаумен жолаушыларды ұшақтан шығарып, 1 сағат бойы 6 адам артық деп күннің суығында халықты күткізген. Желідегі видеолардың бірінен темекі тұқылының түтіні шықты деп, жолаушыны қуып жатқанын көруге болады. Темекі тұтатпағанын растайтын куәгерлердің болғанына қарамастан жолаушы ұшақтан кетуге мәжбүр болған.

Жолаушылардың бірі борт қызметкері мемлекеттік тілде жұмысын тиісті атқармағанымен қоса, қандас бауырымызға «қытай» деп тіл тигізгенін айтты. Желідегі жұрт бұл жерде тіл мәселесінен бөлек бірнеше былықтың бар екеніне сенімді. Жолаушы құқығы қашан қорғалады деп наразы болуда.